Ақтөбеде жасалған
Көрме
Сейсенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Шығармашылық академиясы» ғимаратында «Made in Aktobe» көрме-жәрмеңкесі өтті. Жергілікті тауар өндірушілер қатысқан іс-шара дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады.
Мақсат — қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарын қолдау және танымал ету, экспорттық өнімдерді сыртқы нарыққа шығару.
— Көрме «Бизнес без границ»р еспубликалық форумы аясында өткізілді. Оны Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының өңірдегі өкілдігі ұйымдастырды.
Форум аясында пленарлық сессия, франшизалар көрмесі, жетекші сарапшылар мен бизнес-кеңесшілердің тренингтері мен шеберлік сағаттарыболды. Бүгінгі көрме-жәрмеңкедеэкономиканың металлургия, ағаш өңдеу, химия және мұнай-химия, фармацевтика, тамақ, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп, құрылыс салаларын қамтитын Ақтөбе қаласының жетекші кәсіпорындарының өнімдері ұсынылды, — дейді Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманыАнар Тұрғанбаева.
Шараға барлығы 30 кәсіпорын қатысты.
Айбек СЕРІКҰЛЫ.