Жаңалықтар

Үшем дүниеге келді

Сүйінші

Облыстық перинаталды орталықта 16 қазан күні үшем дүниеге келді. 32 жастағы ақтөбелік келіншек  Ахмад, Ибрагим және Әбдікәрім есімді ұлдарды дүниеге әкелді. Қазіргі таңда ана мен сәбилердің жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

— Сәбилер 2655, 2255 және 2355 грамм салмақта дүниеге келді. Он бес күн бойы дәрігерлер нәрестелер мен ананың жағдайын бақылап отырды. Денсаулықтары қалыпты. Жас отбасының бұған дейін үш қызы мен бір ұлы болған. Енді олар жеті баланың әке-шешесі атанды, — деген орталықтың хабарламасында.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 13 618 жаңа туған нәресте дүние есігін ашты. Облыстық перинаталды орталық дәрігерлерінің көмегімен 10 айда 74 егіз және 3 үшем өмірге келді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button