Министр қолынан шәкіртақы алды
Бәрекелді!
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің екі студенті Марат Оспанов және Аққағаз Досжанова атындағы шәкіртақыға ие болды.
Республика күні қарсаңында Денсаулық министрі Ақмарал Әлназарова университет студенттері Ерназ Жолан мен Анжела Танаеваға атаулы степендияны салтанатты түрде табыс етті. Бұл — олардың академиялық жетістіктерінің жемісі ғана емес, сонымен қатар жаңа жеңістер үшін де үлкен мотивация.
Медициналық университетте талантты жастарды қолдауға бағытталған жоба бес жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді. Яғни Марат Оспанов пен Аққағаз Досжанова атындағы шәкіртақы қоғамдық жұмысқа белсене араласқан, оқуда озат студенттерге беріледі. Жалпы, жыл сайын 43 студент осы марапатқа ие болады. Бұлолардың жан-жақты дамуына ықпал етіп, кәсіби шеберлікке ұмтылуға ынталандырады.
К.ҚОПАЕВА.