Жаңалықтар

Мәртөк: маңызды істер мен міндеттер

Брифинг

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов аймақта атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы БАҚ өкілдеріне ақпаратберді.

Медет Ысқақов аудандағы құрылыс жұмыстарына, ауыз су, көгілдір отын мәселелеріне тоқталды.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Мәртөкауданы бойынша тұрғын үй кезегінде 708 адам тұр. Олардың қатарында көпбалалы 148 отбасы бар. Сонымен бірге жетім балалар саны — 293, халықтың әлеуметтік осал топтарынан193 және 78 мемелекеттік қызметкер мен бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары бар.

— Қазір Мәртө кауылында — 132, Кеңсахара ауылында 8 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ биыл Қаратоғай ауылындағы спорт кешенінің құрылысы жалғасып жатыр, жақын арада пайдалануға беріледі, — деді Медет Ысқақов.

Бұдан бөлек ауданның Сарыжар ауылында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 300 орындық жаңа білім ордасы салынып жатқаны айтылды. Мәртөк ауылындағы №3 Мәртөк жалпы орта білім беру мектебінің спортзалының құрылысы жүргізіліп жатыр.

— Кеңсахара және Достық ауылына жаңа мектеп қажет.  Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамалар дайын, қаражат бөлінсе,жұмыс жүргізілетін болады. Сондай-ақ Мәртөк ауылында өнер орталығының құрылысы басталды.  Родников ауылдық Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Байторысай және Аққайың ауылдарында медициналық пунттің құрылысы басталды,—деді аудан әкімі.

Сондай-ақ аудандағы жол құрылысы, ауыз су, көгілдір отын мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Мәселен, Хазірет, Қызылжар, Шевченко, Бөрте, Байнассай, Ақмоласай ауылдарына газ құбырлары тартылып жатыр. Ал Аққайың, Покровка, Первомайка ауылдарына көгілдір отын жеткізу үшін жоба дайын тұр. Тек қаражат мәселесі шешілсе, жұмыс басталмақ.

Жиын барысында аудан әкімі БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button