Жарманың жаңа мектебі
Білім ошағы
Ырғыз ауданы Құтикөл ауылдық округіне қарасты Жарма ауылында 60 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Мектептің ашылу салтанатына аудан әкімі Нұрлан Қызбергенов, аудандық білім бөлімінің бөлім меңгерушісі Алмагүл Бекниязова, аудандық мәслихат хатшысыМарат Тұрымов және ауыл тұрғындары қатысты.
Нарқызыл негізгі орта мектебінде 21 мұғалім еңбек етеді, 69 оқушы білім алады.
Жаңа білім ошағында жоғары сыныптарға арналған 9 пән кабинеті бар. Сондай-ақ зертханалар да заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Мектеп бір интерактивті тақта, 11 компьютермен қамтылған. Оқушылардың дене шынықтыруына, бос уақыттарын тиімді пайдалануына қолайлы кең спортзалы да бар. Ал мектеп ауласында спорттық ойындарға арналған екі алаң салынған.
Мектептің құрылысын «Ерзат» компаниясы жүргізді.
Д.АЙДАР,
Ырғыз ауданы.