Ақтөбе облысында Республика күні қарсаңында алғаш рет жаңа оңалту орталығы ашылды
Ақтөбеде ашылған мекеме жыл сайын 125 ерекше баланы ақысыз қабылдайды.
Нысан заман талабына сай озық құрал-жабдықтармен қамтылған.
Аутизмі және басқа да ой-сана кінәраттары бар балаларға арналған орталық күндіз қызмет етеді. Ол Ақтөбе қаласы Сәңкібай батыр даңғылы №171Б мекенжайында орналасқан.
Орталықты Республика күні қарсаңында Ақтөбе облысының әкімдігі, «Самұрық-Қазына» қоры «Қазақстан халқына» және «Қамқорлық» қорларымен бірлесе іске қосты.
— өңір басшысы Асхат Шахаров.
«Қамқорлық» жаңа орталығы аутизммен ауыратын балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға бір жерде шоғырланған мамандарарқылы әдістемелік кешенді көмек алуға мүмкіндік береді.
Орталық 1,5-тен 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды, тек білім беру сабақтары мен оңалту ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлаудың маңызды дағдыларын ұсынады. Мұнда оларға төсек жинау, қонақтарға дастархан жаю, киім үтіктеу, ыдыс жуу, сонымен қатар тамақ әзірлеу секілді тұрмыстық дағдылар негіздері үйретіледі. Бұл балалардың жан-жақты дамуы және тәуелсіз болуына көмектеседі. Болашақта жасөспірімдер өздерін қамтамасыз ету үшін ағаш ұстасы, қыш және тігін шеберханаларында сабақтар қарастырылған. Сондай-ақ, орталықта визуалды байланыс орнатуда қиындықтары бар балалар үшін робототерапия қолданылады, онда балалар роботтармен өзара қарым-қатынас жасауды үйренеді. Сонымен қатар, леготерапия, робототехника, арт-терапия және музыкалық терапия сабақтары балалардың дамуына ғана емес, әлеуметтенуіне, қоғамға енуіне және толыққанды өмір сүруіне септігін тигізеді.
— деді «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.
Айтып өтейік, бұл орталықтан бөлек, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен оңалту және ерте араласу орталықтары жұмыс істеп, әрқайсысы жылына 600 баланы қамтуда. Бүгінде 1994 бала қабылданып, 153-і тәй-тәй басып, алғашқы қадамын басса, ал 331-і алғашқы сөзін айтты.