Басты жаңалықтарМереке

Құтқарушылар күні: азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері марапаттарға ие болды

19 қазанда Қазақстанда Құтқарушылар күні атап өтіледі. Бұл – өрт сөндірушілердің, азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің және суда құтқару қызметтерінің кәсіби мерекесі. 

Ерлік пен ержүректіліктің озық үлгісін көрсетіп жүрген маман иелерінің құрметіне қалалық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мәдениет үйінің ғимараты алдында тұрғындарды құтқаруға арналған жаңа техникалар мен құрал-жабдықтардың көрмесі келушілер назарына ұсынылды. Көрмені аралаған облыс әкімі құтқару техникасын бағалап, оның заманауи және жоғары тиімділігін атап өтті. Биыл Төтенше жағдайлар департаментін материалдық-техникалық жарақтандыру мақсатында облыстық бюджеттен 1,8 млрд теңге бөлінді, оған 8 бірлік арнайы техника мен 588 әртүрлі құтқару құралдары сатып алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, Асхат Шахаров азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларда халықты қорғауда олар маңызды рөл атқаратынын алға тартты. Кезкелген уақытта көмекке дайын тұратындығы,жанқиярлығы және кәсібилігі үшін алғыс білдірді.

«Президент өз сөзінде: «Құтқарушы болу – қиын әрі қатерлі жұмысШын мәнінде, бұл – нағыз ержүрек азаматтардың кәсібі», – деген едіБиылғы жыл құтқарушылар үшін үлкен сынақ жылы болды. Су тасқыны кезінде құтқарушылар тұрғындарды, олардың мал-мүлкін, үйлерін барынша сақтап қалу бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Бұл табиғи апатта жолдардың, көпірлердің қирауы да құтқарушылардың жұмысына кедергі келтірсе де, олар жанқиярлықпен қызмет жасап, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалды. Нәтижесінде, төтенше жағдайлар қызметімен 1605 адам құтқарылдыоның ішінде 43-і – бала. 11 599 адам эвакуацияланды, 188 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілдіАпаттармен күрес, адамдарды құтқару және қайғылы оқиғалардан кейінгі жағдайды қалпына келтіруде де Сіздердің күшжігерлеріңіз ең жоғары мақтауға лайық», – деді әкім.

Құттықтаудан кейін өңір басшысы ерекше көзге түскен қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады.

Құтқарушылардың бірқатары Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығыҚаһарман Оразалиннің қолынан ТЖ министрі бұйрығымен бекітілген «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» төс белгісін, «Құтқарушы» төс белгісін, сондай-ақ, адал және жауапты қызметі үшін ТЖ министрінің грамотасы және алғыс хатын алды.

Мерекелік шараның соңы облыстық филармония әртістері дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button