Жаңалықтар

Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы тағайындалды

Басқарма басшысы болып Досжан Серікұлы Әлібеков тағайындалды.

Ол 1991 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2013 жылы – Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін, 2015 жылы – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2020 жылы – Нью-Йорк университетін тәмамдаған.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2014 жылы Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2014–2020 жылдары Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы; 2020–2024 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің өңдеу өнеркәсібі жобалары басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды.

Н.ДАБЫЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button