Референдум

Дзюдошы Рустамның таңдауы

Дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері Рустам Ибраев Есет батыр тұрғын алабындағы №3 облыстық жасөспірімдер спорт мектебінде орналасқан №580 учаскеге барып, дауыс берді. Таңдау жасап шыққан оның пікірін білген едік.
— Бүгінгі референдум еліміздің болашағы үшін маңызды шешім қабылдауға берілген үлкен мүмкіндік. Әр азаматтың дауысы маңызды, себебі демократиялық қоғамда халықтың пікірі негізгі рөл атқарады. Өз таңдауымды жасай отырып, еліміздің дамуына үлес қостым деп ойлаймын, — дейді дзюдошы Рустам Ибраев.
№580 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Талғат Тақабаевтың айтуынша, бұл учаскеге екі мыңнан астам адам тіркеліп тұр.
Сол маңда «Алтын бесік» балабақшасының ғимаратында №522 учаске орналасқан. Мұндағы учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Ләззат Төкешованың айтуынша, бұл жерге 2161 адам тіркелген. Екі жас алғаш рет дауыс берсе, тағы екі тұрғын денсаулығына байланысты үйден дауыс берген.
Белсенді тұрғындардың бірі — зейнеткер Қарасай Алпысбаев зайыбымен бірге немересін ертіп келіп, дауыс берді.
— Қай кезде де сайлау, референдумнан қалмаймыз. Келіншегім екеуміз бірге балаларға үлгі болып, елдің алдымен барып, дауысымызды береміз. Бүгін үйдегі ұл мен келіннің екеуі де жұмыста. Немерені ертіп келдік. Референдум — елімізге қатысы бар мәселеде халықтың көзқарасын білдіретін іс-шара. Сондықтан елдегі әр тұрғынның дауысы маңызды, — дейді Қарасай Алпысбаев.

Айнұр Ілиясқызы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button