Референдум
Өз таңдауын жасады
Ақтөбе қаласындағы №19 орта мектепте орналасқан №60 референдум учаскесінде “Дауыс” қоғамдық байқаушылар коалициясы” республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Нұржан Шаңғытбаев өз таңдауын жасады.
— Бүгінгі науқанның барша қазақстандықтар үшін маңызы ерекше. Себебі бүгінгі таңдауымыз ел болашағына зор ықпал етеді.
Жалпы, дауыс беру біздің өңірімізде жоғары деңгейде өтіп жатыр. Мәселен, бірлестік өкілі ретінде айтсам, қазір облыстағы 500-ден астам референдум учаскесінде біздің байқаушылар дауыс беру процесін бақылап отыр. Биыл біз облыс бойынша 700-дей байқаушыны оқыттық. Соның нәтижесінде өңірде заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Халық өз дауысын беріп, азаматтық ұстанымдарын білдіріп жатыр,-дейді ол.
Өз тілшіміз.