Референдум

Тарихи шешім қабылданатын күн

Референдумға зиялы қауым өкілдері – мұғалімдер де атсалысты. №35 референдум учаскесінде дауыс бергендердің қатарында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Дмитрий Мацюк те бар:
– Бүгін өте маңызды күн – әрбір қазақстандық атом электр стансасын салуға қатысты өз таңдауын жасайтын күн.
Халық арасында АЭС салуға қатысты екіжақты пікір бар. Бір жағынан, өзіміздің ядролық энергияны пайдалану еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін арттырып, жаңа өнеркәсіптік қуаттарды ашуға мүмкіндік ашады. Екінші пікірге қарасақ, атом электр стансаларын пайдаланудағы техникалық ақаулар ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін… Сондықтан осынау тарихи шешімді қабылдауды халыққа, референдумның қортындысына қалдырғаны дұрыс, – деді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button