Референдум

Энергетиктер отбасының таңдауы

Ақтөбе қалалық №39 мектеп ғимаратында орналасқан №68 референдум учаскесіндегі дауыс берушілер таңғы сағат 6.30- дан бастап белсенділік танытқан. Олар дауыс беру учаскесінің ашылуын, дайындық барысының қалай жүріп жатқанына куәгер болған.

Аталған референдум учаскесінің төрағасы Ақгүл Кисикованың айтуынша, белсенділік танытушы тұрғындардың көпшілігі —зейнеткерлер. Алғаш келіп, таңдау жасаған 23 тұрғынға сыйлық табысталыпты.
— Біздің учаскеде 2606 адам дауыс беру құқығына ие. Оның 42-сі — 18 жастағы алғаш рет дауыс берушілер. Алғашқы болып дауыс берушілер ашылу салтанатына қатысып, мемлекеттік әнұранды бірге шырқады. Сағат 9.00 ге дейін дауыс берушілер саны — 46 адам. Үйден дауыс беруге өтініш білдірген 13 тұрғын бар,— деді референдум төрағасы.
Таңдау жасауға келген Кенжалиндер әулеті — энергетиктер отбасы. Энергетика саласында қызмет атқаратын ерлі-зайыпты ел болашағы үшін маңызды таңдау жасадық дейді.

Айдана Нағашыбайқызы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button