Мереке

«Қарттарым, аман-сау жүрші…»

Халықаралық қарттар күніне орай аудан орталығы Қарауылкелдіде «Болашақ мұра»қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Белсенді ұзақ өмір сүру»орталығының ардагерлеріне «Қарттарымасыл қазынам»атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Оған Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Баян Раушанова және орталық ардагерлері мен аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Аудан әкімі Айбек Көпенов құттықтау сөзінде ардагерлердің ел үшін атқарған еңбектерін атап өтіп, олардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңесі қоғам үшін маңызды екенін атап айтты.

Бүгінде аудандағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында 30-дан астам қарт  түрлі дене жаттығуларына, йогаға, шахмат, тоғызқұмалақ үйірмелеріне белсенді қатысып келеді.Мұнда олар бос уақыттарын тиімді өткізіп, сүйікті істерімен шұғылданады. Аталған орталық бүгінде ардагерлердің  бас қосатын орнына айналып отыр.

Мерекелік кеште «Болашақ мұра» қорының директоры Айнұр Нұрбаева орталыққа белсенді қатысатын ардагерлерді Алғыс хатпен марапаттады.

 Сандуғаш НҰРМАҒАМБЕТОВА,

Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button