Мереке

Қарттар үйіндегі қуаныш

Ақтөбеде қарттар үйінде мерекеге орай «Қоғамдық келісім» мекемесі концерт ұйымдастырды. Оған «Жомарт жан» орталығының мүшелері,  этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. 

«Жомарт жан» орталығының төрағасы, «Глобал-спецодежда» ЖШС өндірістік кооперативінің директоры Надежда Шабаева қарттарды мерекемен құттықтады.

— Жас ұрпақты ізгілік пен мейірбандыққа тәрбиелейтін қарияларымыздың мерекесі құтты болсын! Бұл күн біздің елімізде ерекше атап өтіледі. Еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан еңбектеріңіз өте зор. Мерейлі мерекеде баршаңызға денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін, — деді кооператив директоры.

Сондай-ақ орталықтағы 230 қарияға ұйықтар кезде киетін жатын киім сыйлады. Сонымен қатар «Ақтөбе облыстық орыстардың этномәдени бірлестігі», «Отан.KZ» қоғамдық бірлестігі мүшелері әннен шашу шашты. Келген қонақтар ыстық лебізін білдірді.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button