Жаңалықтар

Облыстық турнир ойдағыдай өтті

Шахмат

Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай көру, есту қабілеттері және тірек-қимыл аппараттары зақымданған, мүгедектігі бар спортшылар арасындағы шахматтан облыстық турнир өтті.

Интеллектуалдық спорт түрінен облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында болған турнирде Ақтөбе қаласынан, сондай-ақ Мұғалжар, Темір аудандарынан қатысқан 30-дан астам спортшы рапид жарысы бойынша жекелей, швейцар жүйесінде 7 турдан ФИДЕ ережесі бойынша өзара жарысты.

Шараға арнайы қатысқан облыстық мәслихат төрағасы, Қазақстан шахмат федерациясы облыстық филиалының президенті Гүлқасима Сүйінтаева, облыстық мәслихат депутаттары Серік Әліпов, Айгүл Дүйсенова, Ардақ Өтегенов, дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының директорыГүлнар Картанова ойыншыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Турнирдің қорытындысы бойынша көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында үздік нәтижегеТамара Нуранова, ал есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында үздік нәтижеге Гаингул Кабылова қол жеткізді.

Қатысушылар арасында «Ең егде ойыншы» — 71 жастағы Батырхан Төлегенов, «Ең жас қатысушы» 12 жастағы Ескендір Мұрат екен.

Көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында В1 класында алтынды Қадыржан Қарағайшин иеленсе, В2 класында Қаржаубай Тинеев жеңіп алды. Сондай-ақ есту қабілеті төмен спортшылар арасында Асхат Жеткеров жеңімпаз атанып, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасындағы жарыс ерекше бәсекемен өтіп, ақтөбелік Батырхан Төлегенов І орынды жеңіп алды.

Турнирге қатысушылар жарыстың өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

Шара соңында турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы дипломдар, медальдар, ақшалай сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттарының демеушілігімен спортшыларға арнайы сыйлықтарберілді.

Айта кету керек, турнирдегі жүлделердің жалпы қоры — 500 мың теңге.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button