Референдум

Референдум-2024: Бірінші болып келіп дауыс берген сайлаушы естелік сыйлық алды

Ақтөбе облысында таңғы 7-ден барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады. Кешкі сағат 20:00-ге дейін  569845 адамның дауыс беруге құқы бар.

Облыс орталығында орналасқан №1 орта мектеп №572 референдум учаскесіне Оразғали Шермағанбетов дауыс беру басталған сәттен ерте келіп, азаматтық белсенділігін танытты.

Зейнеткер таңғы сағат 07:00-де сайлау учаскесіне келіп, таңдауын жасап, сыйлыққа ие болды.

«Елімізде өткен саяси науқандарға қатысып келемін. Бүгін де Конституциялық құқымды пайдаланып, азаматтық белсенділікті ұстанып, дауыс беруге келдім»,

– деді Оразғали Шермағанбетов.

Облыс аумағындағы барлық 530
учаскеде алдымен Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Ең бірінші болып келген дауыс берушілерге сыйлықтар үлестірілді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button