Спорт

Александрдың жеңісі

Триатлон

«Challenge Samarkand-2024» халықаралық триатлон жарысында Дөң тау-кен байыту комбинатының денешынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушысы Александр Константинов өз жас санатында (18-24) бірінші орынды иеленді.

Жерлесімізге келер жылы Словакияда өтетін әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігі берілді.

Аталған жарысқа қатысқан 800 спортшының арасында Александр 18-ші орынға шыққан. ERG компаниясыныңөзге өңірлердегі кәсіпорындарынан бұл жарысқа барлығы алты спортшы қатысты.

Жарысқа қатысу шешімі аяқ асты қабылданды. Екі ай ғана дайындалдым. Әдетте мұндай жарысқа 1,5 жыл немесе кем дегенде 8 ай даярлық қажет. Жүзу кезеңінде қаттықобалжығаным жоқ. Велокезеңге өткенде, бастапқыда жеңіл болды, қала көрінісі мен әдемі пейзаждар әсер етті деп ойлаймын. Бұл — осындай қашықтықтағы алғашқы жарысым мен жеңісім, — деді Александр.

Жарысқа қатысушылар 1,9 шақырым — жүзуден, 90 шақырым велосайыс және 21,1 шақырым жүгіруден өзара сынға түсті.

Александр бос уақытында ERG Run Fest жарысына қатысқысы келетіндерді даярлайды. Ол аптасына үш рет стадионда жаттығу өткізеді. Оның айтуынша, аталған спорттық іс-шара таяу арада ұйымдастырылады.

 Ләззат ӘБДІРОВА,

Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button