Облыс әкімі Асхат Шахаров Қазақстан Кубогінің иегері атанған «Ақтөбе» футбол клубын жеңісімен құттықтады
Жазба оның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.
«Бүгінгі күн Ақтөбе тарихында алтын әріптермен жазылған күн болды. Көптің сүйікті командасына айналған «Ақтөбе» футбол клубы 16 жылдан кейінгі жеңісіне қол жеткізіп, жанкүйерлерге естен кетпес сәт пен қуаныш сыйлады. Барша футбол сүйер қауымды құттықтаймын! Бұл жеңіс – клуб тарихындағы жаңа белес. Тәжірибелі ойыншылар мен білікті мамандардың бірлесе жұмысының көрсеткіші. Жеңіс пен жеңілістің қатар жүретіні белгілі. Команда әр қиындықтан сабақ алып, күш жинап жүр деп санаймын. Бірнеше ауыр жеңілістерден кейін ойыншылар рухын жоғалтпай келеді, әлі де алдағы ойындарда мықтылық танытуы тиіс. Әрбір жеңістің артында жанкүйерлер тұрғаны даусыз. Қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз командаға жігер берді. Әрі қарай жерлестеріңізге күш-жігер беретіндеріңізге сенім мол. Қазақстан кубогының екі мәрте иегері атануымызбен, жерлестер»,
– деп өңір басшысы құттықтау сөзін қорытындылаған.