Сырт алаңда ақ-қызылдар «Атырау» футбол клубын 2:1 есебімен жеңді.
Алдымен кездесудің 24-минутында «Атырау» командасы алғаш болып есеп ашты.
Гол авторы – Николай Сигневич.
Бірінші кезеңде ақтөбелік клуб таразы басын теңестіруге ұмтылды.
Дегенмен таблодағы есепке өзгеріссіз қалды.
Ал екінші кезеңде ақ-қызылдар өз күшіне мінді.
88-минутта бас төреші Данияр Сахи тәртіп бұзған атыраулық командаға қарсы пенальти белгіледі.
Осы сәтті Әлібек Қасым мүлт жібермей, есепті теңестірді.
Арада аз ғана минут өткенде Фредди Гондола «Ақтөбеге» екінші гол сыйлап, команданы алға шығарды.
Осылайша ақтөбелік клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, өз тарихында 16 жылдан кейінгі жеңісіне қол жеткізіп, Қазақстан кубогін төбесіне көтерді.
30 Қыркүйек 2024
449