Жаңалықтар

Қандыағаш айналма жолы ашылды

Жол

Осы аптада Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы (Астрахань) тасжолының Ақтөбе-Қандыағаш учаскесін қайта жаңарту барысында Қандыағаш қаласын айналып өтетін ұзындығы 16 шақырым айналма жол пайдалануға берілді. Мұғалжар ауданының орталығы — Қандыағаш қаласына кіреберісте, яғни жол бойында ұйымдастырылған іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, сенатор Бауыржан Қаниев, Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев, сондай-ақ жол салушылар мен жобалаушылар, ақсақалдар, депутаттар, жергілікті атқарушы билік өкілдері жиналды. Олар айналма жолды салтанатты жағдайда ашып, жол бойымен өткен  көліктердің шеруін тамашалады.

Бұл — республикалық маңызға ие жол. Ақтөбе-Қандыағаш учаскесінің жалпы ұзындығы — 96 шақырым. Бұл көлік дәлізіменАтырау,МаңғыстауоблыстарынажәнеРесейшекарасынашығуданбасқа, Мұғалжарауданыныңғанаемес, БайғанинменТемір өңірі тұрғындары да жолға шығады.Ендіоларүшінқозғалысыңғайлыболадыжәнежолуақытынқысқартады. Жол сапасынан бөлек, бұл нысанның маңыздылығы — Қандыағаш қаласында қозғалыс қарқынын бәсеңдетеді. Бұрын қала ішімен өтетін транзиттік көліктер енді айналма жол арқылы Қандыағашқа кірмей-ақ, өз бағыттарымен жүретін болады. Автожолдыңбіріншібөлігі — төрт жолақты, ұзындығы — 77,8 шақырым. Бұл — біріншітехникалықсанатқа жататын жол. Екіншісі— екі жолақты, екіншісанатқажатады. Жол жиектерінығайтылды,таңбалау, белгілер орнатылды. Шартқасәйкескепілдік мерзімі —екіжыл,бірақбіз бұл жолдың жарамдылық мерзімі 10-15жылғасозылатынынасенімдіміз. Жол құрылысына пайдаланылған құрылыс материалдарының барлығы — жергілікті өнім. Өздеріңіз көргендей, жолбойындаүшасфальтзауыты бар.Жолдың негізі — 38 сантиметр қиыршықтас, төменгіқабаты— ірі түйіршіктіасфальт,жоғары жағы — кеуектіасфальт.Ақтөбе-Қандыағаш учаскесінің біріншібөлігін, яғни Тамды ауылына дейінгі аралықты «СинеМидасСтрой» серіктестігі, екінші бөлігін — жергілікті «АссанаДорстрой» мердігер мекемесі салды, — деді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚоблыстықфилиалының директоры АйболДанағұлов.

Жобағасәйкес жол бойында15көпір,16 мал айдау өткелі,үшкөлікайрығы,60 су өткізгіш құбырбар.Аталған жобаны Азиядамубанкіқаржыландырды.Филиалдиректорыныңайтуынша,құрылысқа574адам,274бірліктехникажұмылдырылған. Бұл аралықтағы жол құрылысыүшжарымжыл бойы жүргізілді.  Қазірмердігерлерқалаішіндегіжолдардыжөндеп жатыр, бұл бағытта негізгі жұмыстардың тең жартысыаяқталды.

«АссанаДорстрой» мекемесініңжобажетекшісіСейдахмет Күшабаев аталған тасжолдың  құрылысына тоқталды.

Жоба2016жылыжасалды, 2021жылы салына бастады, 360адаммен210бірліктехникажұмылдырылды.Жол құрылысы кезінде көктемгіжәне жаздағы жауын-шашын құрылысшыларға кедергі келтіреді. Дегенменоларкестеге сәйкес жұмыс жүргізді, — дейді ол.

Айналма жолдың ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев сапалы жол әлеуметтікдамудыңкөрсеткіші екенін айтып:

Жолдың экономикалықжәнестратегиялықмаңызы зор. Бұл жолмен тәулігінешамаменбесмыңавтокөлік өтеді. Бұл көрсеткішкүнсайынартыпотыр. Жол бойында көлік ағынының көбеюі Қандыағаш қаласы тұрғындары үшін ешқандай кедергі келтірмейді, — деп ол Көлікминистрлігі мен «ҚазАвтоЖол» кәсіпорнына өз алғысын білдірді.

МұғалжарауданыныңҚұрметтіазаматыжәнеҚР еңбек сіңіргендәрігеріАманжолАдаевақ батасын берген соң жолдағы қозғалысқатыйым салатын белгірұқсат беру белгісіне ауыстырылып, осылайша ІІ техникалық санаттағы Қандыағаш қаласындағы 16 шақырым болатын айналма жол қолданысқа берілді. Оның құрамында айналма жолдың басында орналасқан бір көлік жол айрығы мен 7 жасанды нысан бар, оның ішінде 2 малөткелі салынған.

Бұл транспорттық дәліз — Астраханға қарай қозғалысты қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясын байланыстыратын маңызды бағыттардың бірі.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханға қарай) дәлізін жаңғырту бойынша қайта жаңарту жұмыстары атқарылып жатыр. Қайта жаңарту жұмыстары барысында жолдың техникалық параметрлері жақсартылды. Нақтырақ айтсақ, 77,8 шақырым ІІ санаттан І санатқа, ал 18,2 шақырымы ІІ санатқа ауыстырылды.

Бұған дейін аталған учаскеде Алға қаласынан Қандыағаш қаласына дейінгі 54 шақырымдық жол қолданысқа берілген болатын.

Қазіргі таңда автожолдың барлық ұзындығы бойынша жолдың төменгі қабатын төсеу жұмыстары аяқталды. Жоғары қабатына қиыршықтасты-мастикалық асфальтбетон төселіп жатыр. Жұмыстың 85 пайызы орындалған. Сондай-ақ жолды абаттандыру жұмыстары да қосымша атқарылып жатыр.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button