Жаңалықтар

Шыбын-шіркей қаптап кетті

Зиянкестермен күрес

Қазіргі таңда қалада зиянкестерді улау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатқа биыл 73 миллион теңге қаражат бөлінген.

Соңғы кезде Ақтөбеде шыбын-шіркей қаптап, көшеде еркін жүру қиындады. Ұсақ шіркейлер әсіресе тынық күндері аузы-мұрынға кіріп, жүргізбейді. Ал мамандар «жаз бойы жауған жаңбыр мен күннің ыстығы күзде ұсақ қанаттылардың қаптап кетуіне әкелді» деп отыр. Оның үстіне биылғы су тасқыны да зиянкестердің жұмыртқа салуына қолайлы болған.

— Биыл Астана ауданы бойынша  шыбын-шіркей, масаларды улау үшін мердігер мекеме анықталды.  Шілде айынан бастап улау жұмыстары жүргізілді. Алайда биыл ылғал көп болғандықтан, зиянкестер, шыбын-шіркей қаптап кетті. Қазіргі таңда әкімдіктің тапсырмасы бойынша мердігер мекеме жұмысты қайта жалғастырып жатыр. Негізінен, улау жұмыстары  орталық саябақтардың аумағында, Сазды өзенінің жағалауында жүргізілді. Оңтүстік-батыс тұрғын алабының аумағы да уланды. Алдағы уақытта Жаңақоныс елді мекенінің аумағындағы Жіңішке өзенінің жағалауында жүргізіледі. Айта кетейік, су қоймаларының, саябақтардың айналасына ғана у себіледі. Ал  көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары бұл жұмыстың жоспарына кірмейді, — деді Астана ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Мирас Әжібаев.

Сондай-ақ биыл қалада талдарды улау жұмыстары жүргізілмеген. Қалалық әкімдік үш рет конкурс өткізген. Бірақ құжаттары талапқа сай болмағандықтан мердігер меркемелер анықталмапты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button