Саясат

Сайлау алдындағы дайындық

Алдағы жылдың қаңтар айында өтетін Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына саяси орта қызу дайындалып жатыр. Орталық сайлау комиссиясының деректері бойынша, саяси дода алдындағы дайындыққа еліміздегі 9 мың 757 жергілікті сайлау учаскелері бел шеше кірісіп кетті. Орталық сайлау комиссиясы да бірнеше отырыстарын өткізіп, қаулылар қабылдады.

Сенім білдірілген адамдарды тіркеу тәртібі мен шарттары, сондай-ақ дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу, сайлау бюллетендерін дайындау, жеткізу және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулықтар қабылданды.
Партиялық ті­зім бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының ке­зектен тыс сайлауына кандидаттарды ұсыну 16 қара­шадан бастап жүргізіле бастады. Ол 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Мәжіліс депутаты болып жасы 25-ке толған, соңғы он жылда ел аумағында тұрақты тұрып келген сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады. Сонымен бірге ол сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған аза­мат болмауға тиіс. Партиялық тізімді тіркеу 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар ұсыну 16 желтоқсанда басталады.

Халықаралық байқаушылар институты ашылды. Сырттан келген байқаушыларды аккредиттеу 2012 жылдың 10 қаңтарына дейін жүргізіледі.

Автоматтық жүйе пайдаланылмайтын болды

Бұл жолғы сайлауда «Сайлау» автоматты ақпараттық жүйесі пайдаланылмайтын болды. ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, сайлаушылардың арасында бұл жүйе танымал бола алмады. Оның айтуынша, бұған дейінгі екі сайлауда да қолданылмай келген автоматтандырылған ақпараттық жүйеге сын көп айтылды, саяси партиялар да, әлеуетті үміткерлер де автоматтандырылған жүйеге сеніңкіремейді. Әрі, ОСК төрағасының айтуынша, бұл жүйе қаржыны да көп талап етеді екен.

— Және «Сайлау» ескірді, жаңартуды талап етеді, ол үшін қаржы қажет, — дейді Тұрғанқұлов.

ОСК төрағасы сайлауда сайлаушылар әртүрлі үш бюллетень алатынын айтады. Олардың біреуі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында саяси партия үшін дауыс беруге арналған. Екінші бюллетень — облыстық мәслихат депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге, ал үшінші бюллетень  аудандық немесе қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге арналған.

Қазақстандықтардың 61,3 пайызы сайлауға баруға дайын

Жақында «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы 2012 жылдың 15 қарашасында өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысты қоғам арасында әлеуметтік зерттеу жүргізді. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен, Астана және Алматы қалаларынан барлығы 1500 адам қатысқан.

Сауалнама нәтижесі бойынша, халықтың сайлауға қатысу белсенділігінің көрсеткіші қазіргі таңда 61,3 пайыз болып отыр.

«Егер сайлау алдағы жексенбілердің бірінде болса, сайлауға барасыз ба?» деген сұраққа сауалнамаға қатысушылардың 52,1 пайызы сайлауға баратынын, 9,2 пайызы «қатысуым мүмкін» деген жауап айтқан.

«Алдағы жексенбілердің бірінде болатын сайлауға қатысқан жағдайда қандай партияға дауыс бересіз?» деген сауалға берілген жауап мынадай:

«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясына сауалнамаға қатысушылардың 75,7%-ы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына — 7,5%-ы, «Азат» партиясына — 2,1 %-ы, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясына — 2 %-ы,

«Әділет» демократиялық партиясына — 0,9 %-ы, Патриоттар партиясына — 0,9%-ы, «Ауыл» Қазақстанның әлеуметтік-демократиялық партиясына — 0,8 %-ы, «Руханият» партиясына — 0,1 %-ы дауыс беретінін айтқан.

http://kaz.gazeta.kz

НЕ ДЕЙСІЗ?

Ерлан Қарин, «Нұр Отан» ХДП хатшысы:

— «Нұр Отанның» партиялық тізімі сал­­мақты сақа саясаткерлермен, ұлттың бе­­­­делді ұл-қыздарымен қалыптасып отыр деп айтуға бо­лады. Үміткерлер ті­зімін­дегі тұлғалардың ба­сым көп­ші­лігі – пар­тия­лық және мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­де бе­делді қызмет ат­қар­ған, не­гізінен, тә­жі­рибелі, салмақты тұл­ға­лар. Мұн­да ұлт мүддесін қозғай алатын жас қай­рат­кер­лер де баршылық. Сонымен қа­тар, «Нұр Отан» партиясының алдағы тұғырнамасын тек партия ті­зіміне енген тұл­­­ғалармен өлшеуге болмайды. Яғни партиялық ті­зім­ге еніп отырған адам­дар ғана ертеңгі үкіметтің саясатын анық­тау­мен айналыспайтынын, пар­тияның алдағы бағдарына қатысты са­раптаманы тек партиялық тізіммен қарастыруға келмейтінін ес­кер­ген ләзім. Керісінше, барлық жағдайда партиялық тізімге емес, пар­тияның бағдарламасына көп сал­мақ түсіру керек деп ойлаймын. Мұн­да тоқтала кететін жайт, пар­тия­ның тұғырнамасының іске асуында бо­лып отыр. Бұл тұрғыдан алғанда сай­­­лауалды тұғырнамада ұлттық, мем­лекеттік мәселелер кеңінен қамтылған.

alashainasy.kz

Жамбыл Ахметбеков, «ККХП» хатшысы:
—  Біз 24 пайыз дауыс аламыз. Мен оған сенімдімін. Бізге қарсылас ретінде «Нұр Отанды» ғана айтуға болады.

www.31.kz

 

Мақсұт Нәрікбаев, «Әділет» партиясының төрағасы:

—  Біз Парламент сайлауына үлкен дайындықпен келіп отырмыз. Себебі біз алда болатын сайлауға былтырдан бастап дайындалдық. «Әділеттіліктің жолы» деген тұғырнама дайындап, биылғы жылдың көктемінде саяси бюрода бекіткен бола­тынбыз. Съезде Мәжілістегі 98 орынға өзі­міз­дің 98 үміткерімізді ұсынамыз. Заңға сәй­кес, әділ және таза өтетін болса, осы сай­лау­дың нәтижесі бойынша біз элек­торат­тың 12-15 пайыз дауысына ие бола­мыз деген ішкі болжамымыз бар.

 

Серікжан Мәмбеталин, «Руханият» партиясының төрағасы:

—  Қанша пайыз дауыс жинайтыны­мызды айта алмаймын. Егер әкімшілік ресурстар пайдаланылмаса, 50 пайыз аламыз деп үміттеніп отырмыз.

alashainasy.kz

Ақын, «Мемлекетік тіл» республикалық қоғамдық қозғалысының төрағасы Мұхтар Шаханов сайлауға «Руханият»партиясының атынан түспек. Ол жөнінде Шаханов былай дейді:
—  Менің жеке өз басымның билікке баруға және басқа бір тұғыр иеленуге мүлде ықыласым жоқ. Мендегі жалғыз мүдде —  елдік, ұлт мәселелерін орнына қою және тіліміздің, рухымыздың өзге проблемаларын шешу.

Дос Көшім, саясаттанушы:

— … Оппозиция таза сайлау болса да, ешқандай орын ала алмайды.  Себебі соңғы 5 жылда мен оппозицияның нақты жұмысын көрмедім. Сондықтан жұмсақ оппозиция сияқты басқа партиялар, мысалы,  «Әділет», «Руханият», «Ақ жол» екінші орын алуы мүмкін».

Ұлтшылдарға келетін болсақ, ұлтшылдардың жеке саяси күші жоқ. Дегенмен сол сайлауға түсетін партияларға біз өзіміздің аманатымызды ұсынуға тырысамыз. Әрине, саяси партиялар өздерінің қатарынан ұлттық бағыттағы азаматтарды ұсынатыны айдан анық. Ұлтшыл жандар «Нұр Отан», басқа да партияларда  да бар. Бірақ ұлтшылдардың жеке саяси өз пікірі бола тұра, басқа партиялардың қоластына баруын өз  басым дұрыс көрмеймін.

1tv.kz

Интернет материалдары бойынша әзірленді.

 

***

«Нұр Отан» ХДП атынан Мәжіліс сайлауына түсетін үміткерлердің партиялық тізімі:

Аты-жөні

1. Абдуллин Нұрлан Мұқанұлы

2. Айсина Майра Арапқызы

3. Акчурин Асхат Харисович

4. Аронова Ирина Петровна

5. Асанғазы Оразгүл Асанғазықызы

6. Асанов Жақып Қажманұлы

7. Асанов Тұрарбек Мәжілұлы

8. Ахметов Әшімжан Сүлейменұлы

9. Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы

10. Әбенов Мұрат Абдуламитұлы

11. Әбенов Мұрат  Телғарұлы

12. Әйімбетов Сейітсұлтан Сүлейменұлы

13. Әубәкірова Жәния Яхияқызы

14. Әшім Нұрғали Сәдуақасұлы

15. Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы

16. Әшімов Оңдасын Байкенұлы

17. Базарбаев Асқар Ермырзаұлы

18. Балиева Зағипа Яхянқызы

19. Бегенеев Андрей Анатольевич

20. Бегентаев Мейрам Мұхаметрақымұлы

21. Бекенов Асхат Сақибеденұлы

22. Бектұрғанов Ерсұлтан Өтеғұлұлы

23. Бердіоңғаров Тәңірберген Маратұлы

24. Бермұхамедов Серік Аждарұлы

25. Бимендина Әсима Темкенқызы

26. Бишімбаев Уәлихан  Қозыкейұлы

27. Бобров Владимир Яковлевич

28. Бұрханов Қамал Низамұлы

29. Бычкова Светлана Федоровна

30. Винокуров Александр Николаевич

31. Ғалымова Әлия Қайратқызы

32. Дінішев Әлібек Мұсаұлы

33. Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы

34. Дошаев Ерген Николайұлы

35. Дүйсебаев Жексенбай Қартабайұлы

36. Дүйсенғалиев Жалғас Мәтешұлы

37. Дьяченко Сергей Александрович

38. Ертаев Бақытжан

39. Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы

40. Есполов Тілектес Исабайұлы

41. Есімов Ахметжан Смағұлұлы

42. Жабағиев Қожахан Көкірекбайұлы

43. Жақыпов Қабиболла Қабенұлы

44. Жамалов Бауыржан Салдарұлы

45. Жарасов Жанат Абдоллаұлы

46. Жұмабеков Оңалсын Исламұлы

47. Жылқайдаров Сәкен Егінбайұлы

48. Ибраев Төлеген Тоқтасынұлы

49. Исімбаева Гүлмира Истайбекқызы

50. Кәрібжанов Жәнібек Сәлімұлы

51. Киколенко Ольга Андреевна

52. Киянский Виктор Владимирович

53. Клебанова Дарья Владимировна

54. Котович Валерий Николаевич

55. Кузьмин Николай Алексеевич

56. Кулагин Сергей Витальевич

57. Курленя Александр Юрьевич

58. Күлекеев Батырбек Әбдірасылұлы

59. Қажырақымов Жомарт Оралұлы

60. Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы

61. Қанаев Серікжан Зиаданұлы

62. Қаракен Құралай Әнуарқызы

63. Қарақұсова Гүлжан  Жанпейісқызы

64. Қожахметов Арман Төлешұлы

65. Қошанов Ерлан Жақанұлы

66. Логутов Николай Николаевич

67. Мәдинов Ромин Ризаұлы

68. Маковский Анатолий Павлович

69. Медеуов Үсенгелді Өміржанұлы

70. Мельниченко Юрий Васильевич

71. Милютин Александр Александрович

72. Мұқашев Рахмет Желдібайұлы

73. Мұсабаев Нәжмадин Туркбенұлы

74. Мұсабаев Өмірсерік  Қайыржанұлы

75. Мұхамеджанов Орал Байғонысұлы

76. Мырзахметов Шалатай

77. Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы

78. Нұрғисаев  Серікбай Өрікбайұлы

79. Нұркина Айгүл Қабдешқызы

80. Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы

81. Оразов Самиғолла Қамзаұлы

82. Ордабаев Балғали Құрманғалиұлы

83. Оспанов Серік Жәмекұлы

84. Өксікбаев Омархан Нұртайұлы

85. Өмірзақов  Ізбақ Қуанышұлы

86. Өтемісов Шавхат Әнесұлы

87. Пепенин Анатолий Сергеевич

88. Петухова Надежда Михайловна

89. Пішембаев Мейрам Құдайбергенұлы

90. Рақымжанов  Әмірхан Мұратбекұлы

91. Рогалев Виктор Павлович

92. Романовская Светлана Юрьевна

93. Сабильянов Нұртай Салихұлы

94. Самақова Айткүл Байғазықызы

95. Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы

96. Саудабаев Қанат Бекмырзаұлы

97. Сәдібеков Ұласбек Сәдібекұлы

98. Сәрпеков Рамазан Құмарбекұлы

99. Сәрсембаева Раушан Біргебайқызы

100. Сәрсенов Нұрдәулет Жұмағұлұлы

101. Сейдуманов Серік Тұрарұлы

102. Сейітмағанбетова Гүлнәр Сүлейменқызы

103. Смағұл Бақытбек

104. Смайылов Бауыржан Амангелдіұлы

105. Смайыл Алдан Зейноллаұлы

106. Соловьева Айгүл Сағадибекқызы

107. Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы

108. Сүлейменов Қайырбек  Шошанұлы

109. Тарасенко Елена Ивановна

110. Тасболатов Абай Бөлікбайұлы

111. Тойбаев Әлихан Әбдіханұлы

112. Төлеубаев Теміржан Төлебайұлы

113. Тілеубердин Алтай Абылайұлы

114. Тінікеев Мұхтар Бәкірұлы

115. Үмбетов Серік Әбікенұлы

116. Ферхо Светлана Ивановна

117. Чиркалин Иван Федорович

118. Шаекин Рауан Михаилұлы

119. Шайдаров Серік Жаманқұлұлы

120. Шишигина Ольга Васильевна

121. Шпанов Еркін Мәжитұлы

122. Щегельский Глеб Анатольевич

123. Ыбырайымов Ермахан Сағиұлы

124. Ыдырысов Құттықожа

125. Ықсанова Гүлнәр Мұстахимқызы

126. Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы

127. Яковлева Татьяна Ивановна

 

«Ақжол» партиясы атынан Мәжіліс сайлауына түсетін үміткерлердің партиялық тізімі:

1. Абасов Ермек Бегәліұлы
2. Әбдиев Жазбек Ниетұлы
3. Әбдіжаппаров Талғат Қайырбайұлы

4. Әбдіғали Алтай Қайырғалиұлы
5. Әбдірасылов Рүстембек Әбдінәбиұлы
6. Әбікенов Архат Әшіметұлы
7. Әбілдаев Азамат Рахатұлы
8. Әділбаев Ғалым Бәзенұлы

9. Әжібаева Жібек Тұрханқызы
10. Амангелдинова Галина Александрқызы
11.Айталы Амангелді Әбдірахманұлы
12. Асылбеков Асхат Зейноллаұлы
13. Барақатов Амангелді Кеңесұлы

14. Барлыбаев Ерлан Қайланұлы
15. Байбеков Сейдіқасым Ниязбекұлы
16. Байдалы Сәбит
17. Берқалиев Марат Бақытжанұлы

18. Жарасова Шолпан Абдуллақызы
19. Жұмағұлов Абай Түкенұлы
20. Доспаев Жаңбырбай Сұлтанұлы
21. Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы
22. Евниев Арман Қайратұлы
23. Елубаев Смағұл Абатұлы
24. Ерәлиев Өмірәлі Шерәліұлы
25. Ерғалиев Талғат Файзуллаұлы
26. Ерғалиев Тілеубек Нұрсұлтанұлы

27. Есенқарақызы Ханбибі
28. Жазылбеков Нұрлан Әбдіжапарұлы
29. Жақауов Мақсат Дөнесұлы
30. Жәмпейісов Көпесбай Оразбайұлы
31. Жамықанова Көгершін Шәкірқызы
32. Жуланова Людмила Аркадийқызы
33. Жүнісәлиев Әбдірахман Батырханұлы
34. Игбаев Асылхан Жұмабайұлы
35. Ильясов Еркебұлан Сайдуллаұлы
36. Исаев Ибрагим

37. Исраил Сапарбай
38. Қадырәлиева Светлана Хайдарқызы
39. Қазыбек Иса Жарылқасынұлы
40. Қазбекова Меруерт Айтқажықызы
41. Қайпиев Қайрат Нығметқлы
42. Қалажанов Мақсұт Болатұлы
43. Қалдыбаев Мақсұт Қалдыбайұлы
44. Қариев Серік Дәулетбекұлы
45. Қасымов Сабыр Ахметжанұлы
46. Кенжебаев Темірхан Бердәліұлы
47. Көбенов Ізімғали Әбдірахманұлы
48. Қозыбақов Шыңғыс Лесбайұлы
49. Қошмамбетов Асан Әнуарұлы
50. Құрманғалиев Талғат Тілепалдыұлы

51. Линник Андрей Григорийұлы
52. Льянов Қажымұрат Магометұлы
53. Мәндиев Ержан Оразбекұлы
54. Медіресов Ниетқабыл Бердіғалиұлы
55. Мерғалиев Серік Ролланұлы
56. Момышев Болат Амангелдіұлы
57. Мұхамеджанов Дәурен Мақсұтханұлы
58. Мұқатанов Талғат Базарбайұлы
59. Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлы
60. Нағыманов Марат Серәліұлы
61. Никитинская Екатерина Сергейқызы
62. Нұрғожаева Алма Алтайқызы
63. Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы
64. Перуашев Азат
65. Подковыров Дмитрий Дмитрийұлы
66. Рысқали Аманжан Сәулебайұлы
67. Сәрсекбаев Бақыт Әбдірахманұлы
68. Сәрсенов Сағитолла Өмірзақұлы
69. Сәтмұхамбетов Өмірбек Өмірзақұлы

70. Сатыбалдин Арал Әбілұлы
71. Смағұлов Асқар Сайлаубекұлы
72. Суанбеков Бағашар Жұмаханұлы
73. Сұлтанов Әбдіразақ Кенжебекұлы
74. Тәшенов Серікбай Тұрсынбайұлы
75. Тұрғынбекұлы Серік
76. Тұрланов Марғұлан Қыдырманұлы
77. Тұртаев Алмас Ұзақұлы
78. Өтепбаев Болат Орынбекұлы
79. Шабданов Жанқараш Өмірзақұлы

«Азат» ЖСДП партиясы атынан Мәжіліс сайлауына түсетін үміткерлердің партиялық тізімі:

1. Әбенова Майра.
2. Әбілев Болат
3. Әбішев Болат
4. Әлібаев Серікбай
5. Антонова Нина
6. Асқаров Қадыржан
7. Аспандиярова Маржан
8. Әубәкіров Тоқтар
9. Ахметова Зәмзәгүл
10. Әшімбеков Абдукамал
11. Бапи Ермұрат
12. Беляева Индира
13. Булгаков Иван
14. Дәукенбаев Аманжол
15. Ерғалиева Гүлжан
16. Жақыпбек Ризада
17. Жұмалыұлы Әділ
18. Исаев Қабылда
19. Исаев Николай
20. Ихсанов Өтеген
21. Қабденова Марьям
22. Қалыбеков Амангелді
23. Камалов Мейрамбек
24. Қапанова Зауреш
25. Қарабеков Бауыржан
26. Ким Юлия
27. Қожаханов Нұртай
28. Қосанов Әміржан
29. Кремениш Николай
30. Құдайбергенов Тұрарбек
31. Қонаев Диар
32. Макалкин Валентин
33. Маматраимов Имаш
34. Мәкімбай Бақытгүл
35. Мұхтарбек Серғазы
36. Нұрмұханбетова Зауре
37. Олжабаев Амангелді
38. Пирмат Шаруа
39. Рахымберлин Серік
40. Рахымжанов Асхат
41. Рахимов Тастемір
42. Рахметов Кұрманғазы
43. Сәбденов Оразалы
44. Сабитова Марина
45. Сарсенбайұлы Рысбек
46. Своик Петр
47. Сырғабаев Асқар
48. Такеева Қанағат
49. Тоғысов Әмірбек
50. Тойлыбаев Талғат
51. Тулеев Мустахим
52. Тұрсынбаев Балташ
53. Тұяқбай Жармахан
54. Өтеген Жанысбек
55. Шәжімбай Кұдайберді
56. Шаханов Әбділда
57. Шымшықов Жангелді

 

Қазақстан коммунистік халықтық партиясы атынан Мәжіліс сайлауына түсетін үміткерлердің партиялық тізімі:

 

1. Байзақова У.Б.
2. Коңыров А.О.
3. Баймаханова Г.А.
4. Смирнова И. В.
5. Ахментбеков Ж.А.
6. Молдашев Ж.А.
7. Магеррамов М.М.
8. Сорокин Б.В.
9. Сатқаев Х.К.
10. Байдәулетов Ш.К.
11. Кушкунов Ю.Н.
12. Мамашева Ж.А.
13. Утиев Е.Т.
14. Кенжин Т.А.
15. Гилизитдинова З.Х.
16. Легких Д.М.
17. Маханова А.С.
18. Косарев В.Б.
19. Сатыбалдиев И.Е.
20. Нұғманова Г.К.
21. Темірбаев Д.К.
22. Өмірзаков Т.К.
23. Сабыров А.А.

Қазақстан патриоттары партиясы да үміткерлер тізімін бекітті

Қазақстан патриоттары партиясы атынан Мәжіліс сайлауына түсетін үміткерлердің тізімін «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов бастап тұр.

«Партиялық тізім бойынша 22 адам ұсынылды. Олардың арасында экологиялық «Табиғат» қозғалысының төрағасы Мэлс Елеусізов, кәсіпкер Күлпаш Тлеубаева, республикалық «Қазэкология» орталығының вице-президенті Айжан Сқақова, «Қазақстан-американдық «Шервуд и МакКензи» заңгерлік компания» ЖШС директоры Алла Рыжкова, ҚПП ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, партияның алматылық филиалының төрайымы Г. Нұрпейісова, ауған соғысының мүгедектерінің өкілі Қайрат Медиев, ҚР запастағы офицерлері одағының төрағасы Айтқали Есенғұлов, спортшы, кикбоксингтен әлемнің бес дүркін чемпионы Асқар Можанов, журналист Дәурен Қайып т.б. бар.

***

«Руханият» партиясының сайлау­алды съезі 30 қарашада өтті, ал «Әділет» партиясының съезі 3 желтоқсанда өтеді.

***

Қазақстан Коммунистік партиясы (ҚКП) мәжіліс сайлауына қатыса алмайды.

«Қазақстан компартиясы партиялық тізіммен үміткерлерін ұсына алмайды, себебі оның жұмысы сот шешімімен тоқтатылған», —  деді орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Қазақстан компартиясының жұмысы 5 қазанда сот шешімімен жарты жылға тоқтатылған болатын.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button