Спорт

Ауыспалы кубок — спорт мектебінде

Шағын футбол

Ойыл ауылында «Ауыспалы кубок» шағын футболдан аудандық біріншілік ұйымдастырылды.

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Қазыбаев пен спорт ардагері Рақым Қарабалиев қатысып, жарыс жолының шымылдығын ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарыста 9 команда бақ сынады. Атап айтсақ, аудан әкімдігі, аудандық аурухана, полиция бөлімі, газ мекемесі, өрт сөндіру бөлімі, Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебі, Ойыл қазақ орта мектебі, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы ұжымы қатысты.

Жарыс өте тартысты өтіп, ақтық ойын көрермен көңілінен шықты. Нәтижесінде l орынды Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жеңіп алып, ауыспалы кубокқа ие болды. ll орынды Ойыл қазақ орта мектебі иеленсе,lll орын Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебіне бұйырды.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мадақтама қағаз және медаль табыс етілді.

Гаухар АЛЕКСЕЕВА,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button