Жаңалықтар

Чек талап етіп, жүлде ұтып ал!

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 4 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін «Чекті талап ет — жүлдені ұтып ал» акциясының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Акцияны өткізу кезеңінде еліміздің әрбір тұрғыны кез келген сатып алу немесе ақылы қызмет алу арқылы смартфондар мен бағалы сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндік алады.
Тек «Amian» мобильді қосымшасында тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ақы төлегені үшін чектерді тіркеу қажет. Акцияға деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының чектері қатысады.
Науқан шарттары бойынша чекті беру күні мен уақыты ұтыс ойынының басталу күнінен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмейді.
Бұл акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың6 құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button