АЭСРеферендум

Әрбір қазақстандықтың пікірі маңызды

Атом электр станциясын салу жөніндегі облыстық халықтық штабтың мүшелері Ақтөбе қаласындағы №64 орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесті.

Талқылаудың басты тақырыбы Қазақстанның энергия қауіпсіздігі және тұрақты дамуы үшін стратегиялық маңызды жоба ретінде атом электр станциясы құрылысына қатысты болды.
Штаб өкілдері бұл маңызды мәселе бойынша азаматтар өз пікірлерін білдіре алатын алдағы өтетін референдум туралы нақты әңгімелеп берді.
Депутаттар — облыстық мәслихаттан Айгүл Нұркеева мен Алтынбек Жиембаев, қалалық мәслихаттан Жандос Жаңабай мен Дамир Көпжасаров атом энергетикасының негізгі басымдықтары туралы айта келіп, оның экологиялық тазалығы, үнемділігі және қоршаған ортаға мейлінше аз әсер етумен энергияның ауқымды көлемін өндіру қабілеттілігі жөнінде баяндады.
Мұғалімдердің арасында алаңдаушылық тудырған қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ұстаздар экологиялық тәуекелдер мен апаттарды болдырмайтын заманауи технологиялар жөніндер өз сауалдарын қойды. Экологиялық тұрақтылықпен қатар, өңір үшін әлеуетті тиімділік пен экономикалық орнықтылық жайы да талқыланды.
Кездесу ашық және мүдделілік диалог форматында өтті, оның барысында еліміздің энергетикалық болашағын айқындайтын референдумда әрбір қазақстандықтың саналы түрде таңдауы маңыздылығына мән берілді.
– Барлық түйінді тұстарды ашық талқылап, еліміздің алдындағы маңызды шешім алдында әрбір азаматтың пікірін ескеру маңызды, – деп атап көрсетті штаб мүшелері.

Марина НҰРАЛОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button