Заманауи полиция моделі: бағыт пен бағдар
Тәрбие
Келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуына еліміздіңішкі істер органдарықызметкерлері үлкен үлес қосып жүр. Ішкі істер органдарының әрбір қызметкерінің басты міндеті — заманауи қоғамдағы адамдардың конституциялық құқығы мен бостандығын қорғау.
Полиция қызметкері — өз ісінің кәсіби шебері, халқына адал еңбек етуші, ішкі істер органы беделін көтеруші.Бұл демократиялық-құқықтық мемлекеттің мақсаттары мен мәнін анықтайды. Қазіргі таңда Ішкі істер министрлігінің барлық қызметі мен бөлімшелері қызметінің жоғары деңгейі қалыптасуда. Сондықтан бүгінде полиция жұмысы «адамға бағытталған» және «клиентке бағдарланған» қағидаттарына сәйкес қайта құрылуда.
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы: «Адам болу — қасиет. Азамат болу —міндет. Патриот болу — парыз», — деген.Ішкі істер органдары қызметкерлерінің бойында қазақстандық патриоттық рухы жоғары, білімді, сабырлы, халықпен қарым-қатынаста сыпайы және қарапайым, жаңа форматтағы полиция қызметкерін қалыптастыру — негізгі міндетіміз.
Білім мен тәрбие — егіз ұғымдар, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз әл-Фарабидің«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы»деген мағыналы сөзі бар. Осы мақсатта біздің оқу ордамызда жас полиция қызметкерлерінің бойында жоғары адамгершілік, патриотизм, эрудиция, төзімділік, шешендік шеберлік, креативті ойлау сияқты кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру бағытында тәрбие жұмыстары жүргізіледі.
Полиция — бұл еліміздің түкпір-түкпірінде ұсынылған ең көп құқық қорғау органының құрамдас бөлігі. Күн сайын полиция қызметкерлері адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындайды. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі полиция органдарының рөлі ерекше. Күн сайын полиция қызметкерлері күрделі кәсіби міндеттерді, қиын жағдайлар мен қақтығыстарды шешеді. Демек, кәсіби құзыреттілік деңгейі және полиция қызметінің тиімділік дәрежесі қоғамдық пікірге, елдегі әлеуметтік-саяси жағдайға тікелей әсер етеді.
Қызметке бағытталған полиция қызметі — бұл полиция мен қоғамға қылмыс, құқық қорғау және қауіпсіздік мәселелерін шешуде ынтымақтастықтың жаңа әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін модель. Ол екі негізгі құрамдас бөлікке негізделген: полицияның әдістері мен тәжірибесін өзгерту және полиция мен қоғам арасында сындарлы қарым-қатынас орнату үшін іс-шаралар қабылдау.
Ішкі істер органы қызметіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының басты қағидаты ең алдымен, ішкі істер органы қызметінің мақсаттары, міндеттері мен оларға байланысты нақты өкілеттіктері мазмұнының өзгеруінен көрінеді.
Бүгінде ішкі істер органы қызметібюрократияға емес, адамдардың мүдделеріне және ең алдымен, олардың қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасауға, адамдарды көшедегі және тұрмыстағы қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғауға, дәстүрлі түрде ішкі істер органы құзыретіне жататын ерекше мәселелерді шешуде жеке және заңды тұлғаларға жәрдемдесуге бағынады. Бұл қағида ішкі істер органы қызметінің барлық негізгі нысандарында әртүрлі дәрежеде көрінеді.
Ел азаматтары полицияға сенуі керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай,«қоғаммен диалог — тек сеніммен ғана мүмкін».
Айта кету керек, қазіргі таңда кадрлық жұмыс кеңінен дамыған ұйымдарда жеке және кәсіби өсу жағдайлары жасалуда, қызметкерлердің жұмысында креативті тәсілді дамыту үшін үлкен перспективалар бар. Атап айтқанда, олардың кәсіби дағдылардан кем емес эмпатия, сыпайылық, коммуникабельділік сияқты жеке қасиеттерін дамыту. Адам құқықтарын қорғау демократиялық-құқықтық мемлекеттің басты ішкі қызметіне айналуға тиіс. Бұл — мемлекет пен адам мүдделерінің арасындағы басымдықтарды бөлуді жаңаша қарастырушы негізгі идея. Əртүрлі мемлекеттік органдар бұл принципті іске асыру барысында түрліше қызмет атқара отырып, адам құқықтарын қорғау ісіне өз үлестерін қосып келеді.
Адам құқықтарын қорғау жүйесін құрудың басты принципі — құқықтарды, бостандықтарды және заңды мүдделерді заңға қайшы келмейтін барлық тәсілмен қорғаудың жалпыға бірдейлігі. Қоғамды реформалау процесінің табыстылығы немесе сәтсіздігінің негізгі көрсеткішіең алдымен адамның құқықтары мен бостандықтарының қорғалғандығы мен қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Біздің ұлттық салт-сана, ата дәстүрге негізделген өз жолымыз бар, болашақтағы даму бағытымыз да айқын сараланған. Сондықтан еліміздегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, тұрақтылықты сақтауда және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудабіз бар күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз.
Нүркен МҰХАМЕТҚАЛИЕВ,
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
М.Бөкенбаев атындағы
Ақтөбе заң институтының бастығы,
заң ғылымдарының кандидаты,
полиция полковнигі.