Күзгі-қысқы аң аулау
Аңшылық маусымы
Ақтөбе облысы аумағында 53 аңшылық шаруашылығы бар, оның 52-сі 21 аңшылық шаруашылығы субъектісіне (аңшылық пайдаланушыларға) бекітіліп берілген.
Аң аулау ақылы жолдамалар арқылы жүзеге асырылады және Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/157 «Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген мерзімдерімен реттеледі. Жолдаманы аңшылық шаруашылығы субъектілері береді.
Күзгі-қысқы аң аулау маусымы 2024 жылдың қыркүйек айының бірінші сенбісінен, яғни 7 қыркүйектен бастап жабайы жануарлардың түрлеріне байланысты 2025 жылдың 15 ақпаны аралығында жүргізіледі.
Қазіргі таңда аңшылық шаруашылығын жүргізудің негізгі бағытының бірі —әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру. Әуесқой аң аулаушылар үшін суда жүзетін жабайы құстар мен аңдар үшін төмендегідей мерзімдер белгіленді:
– қаз, үйрек, қасқалдақ үшін —7 қыркүйектен бастап15 желтоқсанға дейін;
– шіл — қыркүйектің алғашқы сенбісіненбастап 30 қарашаға дейін;
– құр— 15 қыркүйектен бастап 30 қарашаға дейін;
– борсық —15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін;
– ұлпа жүнді аңдар: түлкі, қоян, күзен, қарсақ —1 қараша – 15 ақпан;
– жабайы тұяқты жануарлар, соның ішінде Сібір елігінің аналығы мен төлі—15 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 15 шілдеден 31 желтоқсанға дейін);
– қабан— қыркүйектің алғашқы сенбісінен бастап 31 желтоқсанға дейін аң аулауға рұқсат етілді.
Аңшылыққа шығу үшін жиырма бір жасқа толған жеке тұлға аңшылық атыс қаруын алмас бұрын, аңшылық куәлігін алып, содан кейін азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсатты рәсімдеу қажет.
Аң аулауға шығатын болған жағдайдааңшылық шаруашылығы субъектілерінен аңшылық жолдаманы алу қажет.
Аңшылар назарына!
Аң аулау қағидаларының талаптарын бұзған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жеке тұлғаларға ескерту немесе 5 АЕК (18 460 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Сонымен қатар дәл осы бап бойынша әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған үшін15 АЕК (55 380 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған және жануарларды аулау құралдары, көлiк құралдары, көрсетілген бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттар тәркіленеді.
Аң аулау барысында авто, мото көліктерін қолданған жағдайда немесе жануарлар дүниесіне келтірілген шығын мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болса, яғни 369 200 теңгеден асса, заң бұзушы тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Бекболат ЖАПАРОВ,
«Ақтөбе облыстық орман шаруашылығыжәне жануарлар дүниесі аумақтықинспекциясы» РММ-ніңЖауарлар дүниесі және аңшылықшаруашылығы бөлімінің басшысы.