Басты жаңалықтар

«Ақтөбе облысы аумағында телекоммуникация қызметінің жаңа түрлерін көрсету» тақырыбындағы интернет-конференция

Құрметті тұтынушылар!

2011 жылдың 22 қарашасы мен 23 қарашасы аралығында www.aqtobegazeti.kz порталында Ақтөбе ОТД Бас директоры Сәулебек Таникеновтің қатысуымен «Ақтөбе облысы аумағында телекоммуникация қызметінің жаңа түрлерін көрсету» тақырыбындағы интернет-конференция өтті.

Сұрақ:

ID Net қызметінің қандай аудандарды қамтитынын білгім келеді. Мен 8-ші мөлтекауданда тұрамын. Бұл қызметті қосуға техникалық мүмкіндіктер бар ма?

Ақбота

жауап:

Қайырлы күн, Ақбота!

8 мөлтекауданында  iD Net қызметтерін қосу 2012 жылы жоспарланған. iD Net  қызметтерінің жүзеге асырылу мерзімін анық айту үшін Сіздің мекен-жайыңызды білуіміз керек.

Сұрақ:

Сәлеметсіз бе !
Менде үш пакеттік қызмет бар. Олар: megaline , ID Phone , ID-TV . Осы пакеттік қызметерге ай-сайынгы төлем ақысы қашан арзандайды?

Қанат

жауап:

Құрметті Қанат!

«Қазақтелеком» АҚ-да ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап қызметтерді пакеттік ұсыну барысында абоненттік төлемге «Megaline» қызметінің таңдалынған тарифтік жоспарына сәйкес 5,67%-дан14,15%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Сіз толық ақпаратты 160 телефон нөмірі бойынша, немесе www.telecom.kz сайтынан алуыңызға болады.

Сұрақ:

ID-TV – га неге облыстык телеканалдарды коспайсыздар? Биздин уй сол ушин “Отау” кургысы келип отыр. Тутынушыларыныздан айырылмау ушин ойланып кориниздер.

Жанат

жауап:

Құрметті Жанат!

Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ «Қазтелерадио» АҚ-мен бірге iD TV қызметінің контентіне облыс арналарын қосу мәселесін қарастыруда. Оңды шешім қабылданған жағдайда контент кеңейтіледі.

Сұрақ:

Құрметті Сәулебек Аманғажыұлы!
Телекоммуникация саласының қазіргі заман талабына
сай жаңа қызметтерінің түрлері күн санап дамып келе жатқанын білеміз.
Бірақ Шалқар ауданы бойынша Бозой, Бегімбет елді мекендеріне
мегалайн, id-tv, idphone қызметтері әлі жеткен жоқ.
Осы қызметтерді елді мекен абоненттеріне қосу қай кезге жоспарланған?
Сонымен бірге Шалқар қаласының шетінен жаңадан құрылыс нысандары, тұрғын үйлер көптеп салынуда.
Осы мекен жайларға телефон орнату, жаңа қызметтерді қосу техникалық мүмкіндіктерге байланысты шектеулі екен.
Осы мәселелер қай кезде
шешімін табар екен?

Ерболат Саден

жауап:

Қайырлы күн, Ерболат Саден!

Шалқар ауданының Бозой а. мен Бегімбет а. кеңжолақты сымсыз қатынау интернет қызметтерін ұсыну 2013 жылы EV-DO технологиясы бойынша жоспарланған. Бозой және Бегімбет ауылдарында iD TV мен iD Phone қызметтерін ұсыну үшін талшықты-оптикалық байланыс желісінің  (ТОБЖ) құрылысы жобасы қарастырылатын болады. Жобаны қаржыландыру туралы оң шешім қабылданған жағдайда телефондандыру және интернет ұсыну  2013-2014 жылдарға жоспарланған.

Шалқар қаласының жаңа құрылыс нысандарын WLL CDMA/EV-DO сымсыз қатынау технологиясы құралымен  телефондандыру және интернет ұсыну мүмкіндігі бар.

Сұрақ:

Ойыл шет жатқан аудан. Телевизордан 4-ақ канал көрсетеді. Ямал спутнигінде Қазақстанның каналдарын көрсетпейді. Ал отау ТВ да тек Қазақстандық каналдар ғана тегін. Ал Ресейдің, басқа шетелдің каналдарын көру үшін ақша төлеу керек. Ал ол қымбаттау. Менде үйімде Мегалайн-Хит қосулы тұр. Мегалайнға Ойылда ең бірінші болып мен қосылдым. Сізден сұрайын дегенім, IDTv Ойылға қашан келеді. Менің естуімше Ойыл ауданынан басқа аудандардың бәрінде бар сияқты. Алыс жатқан елді мекен болсақ да, инфраструктурасы дамып келе жатырған елміз ғой. Елбасымыздың арқасында әлемге танылып жатырмыз, Біз де ел қатарлы төрткүл дүниені сіздердің көмектеріңізбен көргіміз келеді. Бізге IDTv қай уақытта қондырылады?

Аманжан

жауап:

Құрметті Аманжан!

Ойыл ауылында кеңейтілген телекоммуникация қызметтер спекторын ұсыну мақсатында Ақтөбе-Ойыл учаскесінде талшықты-оптикалық байланыс желісінің  (ТОБЖ)  құрылысы жобасы қарастырылатын болады. Жобаны қаржыландыру туралы оң шешім қабылданған жағдайда iD TV қызметтерін ұсыну 2013-2014 жылдарға жоспарланған.

Сұрақ:

Құрметті Сәулебек Аманғажыұлы! 21 ғасыр техниканың заманы дегендей Сізден Ойыл ауданы,Көптоғай селосына қашан мегалайн қостыруға болады деп сұрақ қойғым келип отыр. Өйткені Орталық Ойылда мегалайн бар, содан 25 шақырым Көптоғай селосына да қондыруға мүмкіндік жасауыңызды сұраймын. Халқы Ойылдың 4/3 болады! 3 этажды 11 жылдық мектебі, кітапханасы, бала – бақшасы бар. Сізден сұрайтыным қай уақытта Көптоғай селосына мегалайнга қосылуға мүмкіндік бере аласыз?

Акгуль

жауап:

Құрметті Ақгул!

Ойыл ауданының Көптоғай а. кеңжолақты қатынау Интернет қызметтерін ұсыну 2013-2014 жылдары Ойыл а. талшықты-оптикалық байланыс желісінің  (ТОБЖ)  құрылысы бойынша жоба қарастырылғаннан кейін жоспарланады.

 


 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button