Басты жаңалықтарМереке

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ата Заң — Тәуелсіз Мемлекетіміздің мызғымас тірегі, халық бірлігінің алтын діңгегі, еліміздің тұрақты дамуының кепілі!

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған Конституция — өз өміршеңдігін дәлелдеген, Қазақстанның зайырлы және құқықтық ел екенін айқындаған, халықтың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың сенімді кепілі болған бірден-бір төлқұжат.

Бүгінде еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін нығайту жолында маңызды қадамдар жасалып, кемел болашағымыздың бұлжымас бағдары айқындалды.

Ата Заңымыздың бірінші бабында Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын өзінің ең қымбат қазынасы деп жариялайды.

Қазақстанның бүгінгі бағындырған биіктерінің ең басты тұғыры—бірлік пен береке. Бірлігі жарасқан елдің ғана босағасына береке ұялайды. Ал оның заңнамалық негізі Конституцияда айрықша көрсетіліп, ел бірлігін берік ұстауға негіз болып отыр.

Еліміздің әрбір азаматы әділдік пен заңдылыққа, теңдік пен өзінің болашағына сенімді болуы үшін Ата Заңымызды құрметтеуге тиіс.

Барша ақтөбеліктерді тағы бір мәрте Ата Заңымыздың асқақ да киелі төл мерекесімен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін!

 

Асхат ШАХАРОВ,

Ақтөбе облысының әкімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button