Су тасқыны

Мал шығыны өтелді

Облыс бойынша су тасқыны кезінде 4664 бас мал қырылған.Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Панабек Бимұратовтың айтуынша, өңірдегі мал шығынын есептейтін комиссия жұмысы бойынша құжаты бар өлген малдың шығыны республикалық бюджет есебінен өтелген.

—Алдымен малдың құны анықталды. Ол үшін статистика департаментінің аудандық филиалы өкілдері малдың жас ерекшелігіне байланысты нарықтық бағаны айтты. Аудандағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою комиссиясы акт жасап, шешім шығарған соң қаржы аударды. Айта кеткен жөн, су тасқыны кезінде қырылған мал өтемақысын төлеудің алгоритмі бар. Ол үшін өлексесі, сырғасы болуы керек. Әрі ауыл шаруашылығы базасында тіркелгені туралы нақты деректің болуы ескерілді, —деді бөлім басшысы.

Айта кетейік, мүйізді ірі қара бойынша Ойылда —1096, Әйтеке биде—  45, Ырғыз ауданында — 28, Мұғалжарда — 33, Қобдада — 72,Темірде 65 басқа шығын келді. Ұсақ мал шығыны бойынша, Ойылда 1398, Әйтеке биде—  18, Ырғызда — 2, Мұғалжарда — 12, Қобдада — 558,Темірде — 269 бас. Жылқы: Ойылда 570, Ырғызда — 1, Мұғалжарда — 4, Қобдада — 293,Темірде — 198 бас. Облыс әкімдігі мал шығынын өтеу үшін республикалық бюджеттен 2,2 млрд теңге сұраған еді. Қазіргі таңдағы есеп бойынша аталған мал шығынына 1 млрд 98 млн қаржы өтелген.

А.АЛТЫБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button