7 кәсіпкер өтемақы алды
Су тасқыны салдарынан бизнестің мүлік шығындарын өтеу бойынша өтінімдер әлі қабылданып жатыр. Бұл туралы кеше облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев хабарлады.
Оның айтуынша, облыста қызыл судан зардап шеккен орта және шағын бизнес иелерінің саны — 67.
— 39 субъект өңірлік комиссияға жүгініп, соның 4-еуіне құжаттардың толық ұсынылмауына байланысты өтемақының берілмейтіні жөнінде шешім шығарылды. Қазіргі таңда 7 кәсіпкерлік субъектісіне 112 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Қосымша 24 кәсіпкердің құжаттарын Қаржы министрлігі қарап жатыр. Қалған жобаларды бағалаушылар тексеруүстінде. Яғни өтінім қабылдау, көмек беру жұмыстары тоқтаған жоқ.
Көбіне судың бойында тұрған қызмет көрсететін кәсіпкерлік нысандары жапа шекті. Әсіресе Ырғыз бен Ойыл аудандарынан өтінімдер көптеп түсті, — дейді ол.
Айта кетейік, осы мақсатта республикалық бюджеттен 733,5 миллион теңге бөлініпті.
Айбек СЕРІКҰЛЫ.