Спорт

Чемпион Аяулым

Қол күресі

Өзбекстанның астанасы Ташкентте қол күресінен Азия чемпионаты өтті. Облыс тарихында қол күресінен қыздар арасындағы алғашқы чемпион атанған мұғалжарлық Аяулым Жұмабай қоржынға алтын салды. Аталған жарыста 45 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған ол көк Байрақты желбіретіп, Әнұранды шырқатты.

14 жастағы Аяулым Жұмабай бұған дейінгі қатысқан облыстық және республикалық чемпионаттардан да құр қайтқан емес. Ал Ташкентте қол күресінен өткен Азия чемпионатында өз салмағындағы 8 қарсыластан озық шығып, ақырғы сында жеңіске жетті.Қазіргі таңда Аяулым — Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің 7-сынып оқушысы. Бүгінге дейін спорт пен сабақты қатар алып жүрген оның ендігі мақсаты — Әлем чемпионатында топ жару. Бүгінде қызу дайындықүстінде, себебі осы тамыз айында Молдованың астанасы Кишинёвке жолдама ұтып алған болатын.

А.АЛТЫБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button