Су тасқыны

Құмсайда тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын

Темір ауданы Саркөл ауылдық округіне қарасты Құмсай ауылының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары үшін 21 үй салынып бітті.

Қазіргі таңда құрылысшылар бой көтерген баспаналардың ішін әрлеу жұмыстарымен айналысуда. Әр бөлмеге есік, терезелері салынды, жуынатын бөлмелердің жабдықтары орнатылып жатыр. Сондай-ақ, коммуналдық мекеме мамандары электр, газ және су желілерін тартуда.

Құмсай ауылындағы үйлерге «Taf Company» ЖШС және «МұғалжарСтрой» ЖШС мердігер компаниялары жұмылдырылды.

Бұдан өзге, Темір ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, су тасқынынан зардап шеккен 36 отбасына екінші нарықтағы дайын үйлер сатып алынды.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button