Мектеп және жол
Ұлттық жоба
Ақтөбеде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Бауырластар-3 және Сазды тұрғын алаптарында мектеп салынып жатыр. Қала әкімі Азамат Бекет білім ордаларының құрылысын қарап, мердігер мекемеге оқу жылы басталғанша жол салып беруді ескертті.
— Биыл қалада автомобиль жолдарын салу және жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 98 шақырым болатын 66 жоба жүзеге асып жатыр. Оның ішінде биыл қала маңындағы тұрғын алаптардың жолдарын жөндеуге көңіл бөліп отырмыз.
Әсіресе елді мекендерде мектептерге баратын жолдар назарға алынды. Қыркүйекте Сазды мен Бауырластарда салынып жатқан жол аяқталуы тиіс. Техникалық сипаттамаға енгізілген жаңа талап бойынша, бұл жолдардың құрылысына мердігер 7 жыл кепілдік береді.
Жалпы биыл қала аумағында 9 жайлы мектеп салынып жатыр. Жаңақоныс-2, Бауырластар-3, Сазды, Саяжай, Ақжар-2, Есет батыр, Алтын орда тұрғын алаптарында салынатын жайлы мектептерге автомобиль жолдарының құрылысын биыл аяқтау жоспарланып отыр, — деді Азамат Бекет.
Аталған екі елдімекенге жолды «Бизнесстрой контракт» ЖШС салып жатыр.
— Жолдыңені— 7 метр, ұзындығы 6 шақырымболады. Асфальт жамылғысынанөзге,жобабойыншажолдыңекіжағынан бордюр және тротуар салынады. СоныменқатарСаздыдағыжолдыңжиегіне— 15, Бауырластар-3 алабындағыжолдарға 95жарықтандырутіректеріқойылады, — дедіучаскебасшысыЕрланКушкенов.
Сондай-ақ мердігер мекеме өкілдері жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті.
Кәмшат ҚОПАЕВА.