Басты жаңалықтар

Кәсіпкерлерді қолдайды!

Ақтөбе облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ облыстық филиалының жанынан құрылған кәсіпкерлікті қолдау орталығы 1 қарашадан бастап өз жұмысын бастады.

Аталған орталық —  жеке кәсіпкерлікті қолдаушы құрылым, яғни, Ақтөбе облысының жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ әлеуетті кәсіпкерлерге кеңес беру, яғни, қаржылық емес қолдау көрсету мақсатында құрылған.

Орталық енді қаржы ұйымдары, аймақтық және кәсіпкерлердің салалық қоғамдық бірлестіктері және мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жұмыс жасайды, сонымен бірге оларды шағын және орта бизнестің талап-тілектері туралы ақпараттандырады.

«Даму» кәсіпкерлік қоры Ақтөбе облыстық филиалының қаржылық емес қолдау жөніндегі бас менеджері Берік Нұрғалиевтің айтуынша, кәсіпкерлікті қолдау орталығының мамандары «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы, «Даму» қорының жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың басқа да бағдарламалары бойынша жұмыс жасайтын әлеуетті кәсіпкерлерді ақпараттандырып, оларға кеңес береді. Сондай-ақ, кәсіпкерлер үшін өзекті мәселелерді анықтап, тиісті мамандарға телефон немесе интернет арқылы жолдайды. Кәсіпкерлерді болатын аймақтық, аймақаралық және халықаралық көрмелер мен басқа да шаралар туралы ақпараттандырып отырады.

Жоғарыда аталған және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға қатысты басқа да мәселелер бойынша ақпарат алу үшін кәсіпкерлікті қолдау орталығына төмендегі мекен-жай бойынша хабарласуыңызға болады: Ақтөбе қаласы, Абай даңғылы, 17-үй, Ақтөбе облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры облыстық филиалы кеңсесі. Телефондары: 8 (7132) 54-35-08, 73-86-32.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button