«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖӘНЕ ЖАҒАЛАУ
![](https://aqtobegazeti.kz/wp-content/uploads/2024/07/IMG_2845-780x470.jpg)
Жұма күні «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Жасыл ел» еңбек жасақтары «Таза қала — таза жағалау» экологиялық акциясын өткізді.
Акция барысында еңбек жасағының сарбаздары Қызылжар ауылы маңын, Жаман Қарғалы өзенінің жағалауын тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстан тазартты.
Аталған акцияға «Экогвардия» отрядының 100-ге жуық сарбазы қатысты. Олар 8 тонна қоқыс шығарып, арнайы полигонға жіберді.
Шара соңында акцияға белсенді қатысқан 25 сарбаз марапатталды.
— Экологиялық акцияның мақсаты — табиғатты таза қалпында сақтау, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы өзен жағалауларын қоқыстан тазалау және қаламызды көркейтуге үлес қосу. Табиғатты аялау, оған үнемі жанашырлық сезіммен қарап, қамқорлық жасау — біздің міндетіміз. Сондықтан қала жастарын экологиялық акцияға атсалысып, тазалық жұмыстарына қатысуға шақырамыз, — дейді «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары облыстық штабы төрағасының орынбасары Артур Әзиев.
Д.АЙДАР.