Су тасқыны

Су тасқыны: Ақтөбе өңірінде 430-дан астам үй сатып алынды

Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының көктемгі су тасқынының салдарын жою туралы тапсырмасын орындау мақсатында қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі кезде жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланған 6 ауданда салынып жатқан 511 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды.

Сондай-ақ, осы аудандар мен Ақтөбе қаласында барлығы 503 үй сатып алу жоспарланған. Бүгінгі күннің дерегіне сәйкес, көктемгі су тасқыны кезінде баспанасынан айырылған 438 отбасына олардың келісімімен үй алынды. Оның 135-і – облыс орталығынан. Қазіргі кезде тағы 60-қа жуық отбасына баспана алу жұмыстары жүргізілуде.

Табиғи апаттан жапа шеккен 4 мыңнан астам ақтөбеліктен келіп түскен өтініш негізінде үйлерге тексеру жүргізіліп, бағалау комиссиясының қорытындысы таныстырылды. Жалпы, облыста 3621 үй жөндеуге жарамды деп танылды.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button