Денсаулық

Саркомадан сақтан!

Ашық есік күні

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің медицина орталығында саркоманың алдын алуға арналған Ашық есік күні өтті.

Саркома — сүйек тінінің қатерлі ісігі. Аурудың екі түрі бар. Олар — жұмсақ тіндердің саркомасы және сүйек саркомасы. Адамөзінің бұндай дертке шалдыққанын алғашқы уақытта білмеуі мүмкін. Себебі саркома ауырсынусыз басталады. Бірнеше айлардан кейін ғана дене ісіп,  ісіктің көлемі бірден ұлғая бастайды. Саркома дененің кез келген жерінде пайда болуы мүмкін.

Биыл алты айда қатерлі ісікке шалдыққан 912 адам тіркеуге алынды. Оның  23 пайызы —1, 11 пайызы — 4-ші сатыдағы науқастар. Науқастардың көпшілігі ауруды асқындырып барып келеді. Қатерлі ісіктің де қиын жері — осы, яғни ауру алғшқыда білінбейді. Сондықтан тұрғындарға айтарымыз, денеде қандайда бір өзгерістер, ауырсынулар басталса, уақыт оздырмай дәрігерге қаралған жөн, — деді медицина орталығының онкологиялық қызметті үйлестірушісі Олжас Оразаев.

Саркома ең көп таралған қатерлі ісіктің қатарына кірмейді. Алайда ауру тез өршитін болғандықтан, көп жағдайда соңы өлімге әкеледі. Дәрігерлердің айтуынша, аурудың  алдын алудың жолы — скринингтен өту. Отандық медицинаның аталған дертті толық емдеп, жазуға мүмкіндігі бар. Алайда арудың соңғы сатысы болса, химиятерапияның өзі жақсы нәтиже бермеуі  мүмкін. Себебі ісік тез өседі әрі бірнеше жерде қатар дамиды.

Ашық есік күніне келген тұрғындарға мамандар аурудың алдын алу, емдеу және өзге де кеңестер айтты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button