Су тасқыны

Қобдада 129 үйдің төбесі жабылды

Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға үй салып жатқан мердігер мекемелердің бірі «СтройАқтөбе» компаниясы.

Компания өкілі Андрей Мумжу Қобда ауылында екі үйдің құрылысына жауапты екенін айтады. Қазіргі уақытта бой көтерген баспаналардың іші сырланып, әктеліп жатыр. Әр бөлмеге электр жарығы тартылып, жуынатын бөлмелердің жабдықтары орнатылуда.

Жалпы,Қобда ауданында салынатын 147 үйдің құрылысымен 15 мердігер айналысуда. Бүгінде мұнда 12 үйдің іргетасы қаланған, 136 үйдің сыртқы қабырғалары көтеріліп, 129 үйдің төбесі жабылып жатыр. 62 үйдің терезесі салынған. Құрылыс жұмыстарына барлығы 253 адам жұмылдырылған.

Сондай-ақ Жарық ауылында 2 мердігер ұйым 17 үйдің қабырғасын көтеріп, төбелерін жапқан.Құрылыс нысандарына материалдар уақтылы жеткізіліп отыр. Сыртқы электр, газ және су желілерін жүргізуші мердігер мекемемен де келісімшарт жасалып, жұмыстар басталды.Үйлердің құрылысы тамыз айында аяқталады деп күтілуде.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button