Басты жаңалықтар

Алға ауданы: лагерь, жол және көпір 

Алға ауданына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Асхат Шахаров Бестамақтағы «Күншуақ» балаларсауықтыру лагеріне барып, жатын корпустар мен емдеу бөлмелерінің жағдайын тексерді.
Мұнда мүгедектігі бар балалар, сондай-ақ жетімдер, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және АӘК алатынотбасылардыңбалаларыдемалып, ем алады. Балалар облыс көлемінде қамтылады. Бір ауысымда 80 адамға дейін қабылдайды. Лагерь жыл бойы жұмыс істейді.
Лагерьде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жан-жақты көмек көрсетіледі. Олар үшін логопед, дефектолог, психолог, емдікденешынықтырукабинеттеріжұмысістейді, жаттығу залы, бассейн, иппотерапия аймағы, ойын бөлмелері бар. Қазір лагерь аумағында әкімшілік ғимарат салынып жатыр, онда оқу сыныптары мен емдеу кабинеттері орналасады.
«Күншуақ» сауықтыру лагерінің директоры Замира Қарабекованың айтуынша, лагерьдегі корпустардың кейбірін жөндеу керек, сол кезде демалатын балалар саны артпақ.
Мәселенің мән-жайын білген өңір басшысы Асхат Шахаров ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлуді тапсырды. Жұмыстардың орындалуын бақылау облыстық білім басқармасының басшылығына жүктелді.

Өңір басшысы ауданға сапрында Бесқоспа ауылдық округінің Есет батыр ауылында орналасқан «Көсем» бөгетінің жай-күйін тексерді.
Былтыр гидротехникалық құрылым жөндеуден өтті. Жұмысты «СК Гранд канал» ӨК жүргізді. Сол кезде табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Сәбит Дүйсекеновтің айтуынша, жаңа су бұрғыштар салынды, табиғи су арнасы (дренаж) жаңартылды және бетондалды, шағын көпір — акведук салынды. Сонымен қатар қорған аумағы көтеріліп, кеңейтілді. Барлық жұмысқа 279 млн теңгеден астам бюджет қаражаты бөлінді.
Алайда нығайт ужұмыстарына қарамастан, су тасқыны кезінде бөгет бұзылды. Шарт бойынша кепілдік міндеттемелеріне сәйкес мердігер бөгетті қалпына келтіреді.
Облыс әкімі бөгеттің жай-күйін қарап, «Көсем» бөгетін жөндеу бойынша жұмыс жобасын қайта қарауды тапсырды.
— Бөгет бұзылғанымен, қауіп төнген ауылдарға су жеткен жоқ. Мердігер компания міндеттемесінің аясында бөгетті жөндеп жатыр. Десек те жобанықайтақарау қажет. Ауыл ақсалдары, жергілікті тұрғындардың ұсынысын, кеңесін тыңдап отырған жөн. «Көсем» бөгетін қалыпқа келтірмей, «Шолақтың» жөндеу жұмыстарына кіріспеу керек,— деді Асхат Шахаров.

Ауданға сапары кезінде Асхат Шахаров Алға қаласының айналма жолының құрылысы барысын да қарады. Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханьға дейін) республикалық автожолы Алға ауданы аумағы арқылы өтеді. Оның маңызды бөлігі—қаланы айналып өтетін жолы.
Күре жолдың жаңа құрылысының ұзындығы — 16 шақырым. І санатты трассада 7 жасанды құрылыс, оның екеуі—көпір өткелі, біреуі—теміржолдан өтетін көпір өткелі, сондай-ақ Елекөзені арқылы өтетін екі үлкен көпір және ауылшаруашылығы техникалары үшін екі шағын көпір салынған.
Айналма жолдың құрылыс барысын көрген облыс әкімі Асхат Шахаров көлік қозғалысына ыңғайлы болу үшін айналма жолдың бір жолағын шілде айының соңына дейін ашуды тапсырды. Бұл «Қазавтожол» мекемесіне Алға қаласының ішкі жолын жөндеуге мүмкіндік береді.Жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан қалған аумақ жыл аяғында қолданысқа беріледі.

Жалпы, Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханьға дейін) республикалық трассасын қайта жаңарту жұмыстары жүріпжатыр. «Сине Мидас Строй» БК» ЖШС Ақтөбе-Қандыағаш бағытындағы жолдың 44,3 шақырымын жөндеп жатыр. Жобаға сәйкес, асфальт төсеуден бөлек, көпірлер салу, су құбырлары және жол бойындағы жол нығайтылады.
Сонымен қатар Алға ауданында аудандық маңызы бар Алға-Есет батыр трассасыныңорташажөндеуі аяқталуға жақын. «АссанаДорСтрой» мердігерлік ұйымы 6 шақырым автожолдың жол жиектерін нығайту жұмыстарына көшкен. Жол белгілерін де орнатуда. Өңір басшысы мердігер ұйымға орындалып жатқан жұмыстардың сапасы маңызды екенін еске салды.

Аудандарға сапары жөнінде өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында да жазба жариялады:

— Ақтөбе облысы — тоғыз жолдың торабында тұрған өңір. Оның логистикалық, транзиттік және өндірістік әлеуеті өте зор.  Аймақтың мәртебесі мен беделіне нұқсан келтіретін бірден-бір фактор — жол мәселесі болып тұр. Дей тұрғанмен бұл — шешімі бар мәселе. Осы аптада Хромтау және Алға аудандарында жұмыс сапармен барып, жол саласындағы екі жобаның жүзеге асқанына елдің қуанып отырғанын көрдім. Өңірде ұзындығы 262 шақырым болатын Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын республикалық автожолын қайта жаңарту басталды. Ірі жоба. Тәулігіне 16 мыңнан астам жеңіл және жүк көлігі өтетін күре жол бірінші санатқа ауысады.
Екіншісі — биыл жыл соңына дейін құрылысы аяқталатын Ақтөбе-Қандыағаш тасжолы. Шілде айының соңына дейін Алға қаласының айналма жолының бір жолағын халық игілігіне береміз. Сөйтіп, «Қазавтожол» ұлттық компаниясы Алғаның ішкі жолын жөндеуге кіріседі,
— деді өңір басшысы.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button