Су тасқыны

Қобдада 147 үй салынып жатыр

Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлер салынып жатыр.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы АрманҚабыловтың айтуынша, ауданда осы жағдайдан кейін 155 отбасының үйі жарамсыз күйге түскен. Қазіргі таңдасолардың 8-і екінші деңгейлі, яғни бұрын қолданыста болған баспананы алса, қалған 130 үйдің құрылысы аудан орталығында, тағы 17 үйдің құрылысы Жарық ауылында жүргізіліп жатыр.

— Құрылыс жұмыстары мамыр айында басталды. Су, газ, электр жарығы тартылу үстінде. Бұл бойынша барлығы 15 мердігер компания тартылды.

Үйлердің типтік үлгісі бірдей. Бөлмелерден бөлек,  ас бөлмесі және жуынатын бөлмесі, әжетханасы қарастырылған. Кәріз жүйесіне арналған шұңқырлар қазылған.

Тұрғын үйлер құрылысының сапасын қадағалау мақсатында барлық үй құрылысының сапасын авторлық бақылаушылар және аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, еріктілер бақылап жүр. Құрылыс алаңына қосымша 5 бейнебақылау камерасы да қондырылды.

Әзірге қай үйге кімнің қоныстанатыны белгісіз. Жалпы, тұрғын үйлерді толығымен қолданысқа беру тамыз айына жоспарланып отыр.

Аудандық әкімдік тұрғындармен жиі кездесу жүргізіп отырады. Үйлер салынғаннан соң тұрғындардың меншігіне беріледі, — дейді ол.

Мердігерлердің бірі — «Аймар строй сервис» ЖШС директоры Думан Жалғасбаев құрылыс жұмыстарының аяқталуға жақын екенін айтты.

Біздің компанияға Қобда ауданының орталығынан 16 үйдің құрылысын жүргізу тапсырылды. Қазіргі таңда баспаналардың қабырғасын қалап, төбесін ағашпен жауып үлгердік. Енді шатырын салып, электр желісін тартып, артынша ішкі әрлеу жұмыстарына көшеміз.

Құрылыс басында 38 жұмысшымыз жүр. Соның 33-і — Өзбекстаннан келген мигранттар. Тағы 7 адамды бірер күнде еңбекке тартқалы отырмыз. Бұйыртса, тамыз айының басында үйлерді пайдалануға береміз.

Үйлердің жобасына келсек, 80 шаршы метрден тұрады. Әрқайсысы 3 бөлмелі болады, — дейді мердігер.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button