Тағзым

Ұмытылмайтын ерлік ұлықталды

Әлия — 100

15 маусымда Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 99 жыл толды. Бұл күні қобдалықтар дәстүрден жаңылмай, әдеттегідей Әлиясын еске алды.

Батырдың кіндік қаны тамған Бұлақ, Әлия ауылдарында және аудан орталығындағы «Отан-Ана» саябағында  орнатылған ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылып, рухына Құран бағышталды.

Бұлақ ауылында өткен еске алу шарасына Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова, батырдың туыстары мен ауыл тұрғындары қатысты.

— Әлия бүгінде елін сүйетін әрбір ұл мен қыздың үлгі тұтар тұлғасына айналды. Батыр қыздың ерлігін еске алып, есімін насихаттау — біз үшін басты міндет. Келесі жылы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толады. Осыған орай облыс әкімінің тапсырмасы аясында бірнеше әлеуметтік бағыттағы жобаларды жүзеге асыру жоспары бар, — деді аудан әкімі.

Бұл күні аудандық Мәдениет үйінде Әлия Молдағұлованың туған күніне арналған облыстық патриоттық әндер байқауы, ал «Әлия» облыстық патриоттық тәрбие беру орталығындаволейболдан сайыс ұйымдастырылды. Жылдағы дәстүр бойынша жастарды отансүйгіштік рухқа тәрбиелеп, әскери даярлықтың алғашқы іс-әрекеттерін меңгертуді мақсат ететін «Айбын-2024» әскери-патриоттық ойындарыұйымдастырылды.

Ақерке САТЫБАЛДЫ,

Қобда ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button