Жаңалықтар

Жаңа автобустар жолға шықты

Тасымал

Ақтөбеде қоғамдық көліктердің қатары толықты. «Автопарк» ЖШС «Yutong» маркалы автобустар сатып алды. Жаңа көліктердің бірқатарыкеше  №14 бағытқа жолға шықты

Жарық ауылы және теміржол вокзалы аралығында қызмет көрсететін №14 бағытқа 8 жаңа автобус шықты. Қоғамдық көліктің аралық жиілігі — орташа есеппен  15 минут. Бұдан бөлек бүгін №26 бағытқа қатынайтын жаңа 10 автобус жолға шығады. Оның аралық жиілігі  —  10 минут. Жаңа автобустар ыңғайлы әрі кең:  80 адам сияды.  Кезкелген климаттық жағдайларға төзімді, кондиционер, пандусы бар және ақпараттық табломен жабдықталған.

«Автопарк» ЖШС директоры Ақарыс Тілеулесов, қала тұрғындарына қоғамдық көліктерде тазалық сақтап, жол төлемдерін уақтылы төлеуді ескертті.  Аталған кәсіпорын қоғамдық көлік қызметін жақсарту мақсатында «Өнеркәсіпті қолдау қоры» арқылы «QazTehna» компаниясымен келісімшартқа отырып, былтыр  50 «Yutong» маркалы автобус сатып алды. Бір автобустың құны —  64 миллион теңге. Жалпы, «Автопарк» қала бойынша 18 бағытқа, сондай-ақ маусымдық кезеңде  тағы 2 бағытқа қызмет көрсетеді. Ал күн сайын желіге 153 автобус шығады.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button