Жаңалықтар

Әскери прокурор армия қауымдастығымен кездесті

2025 жылдың қаңтар айында Ақтөбе гарнизонының әскери прокуроры Ролан Русланұлы Жанисбаев армия қауымдастығымен кездесуі өтті.

Кездесуге Ақтөбе гарнизонының әскери бөлімдер командирлері мен мекемелер басшылығы, және қылмыстық қудалау органдарының жеке құрамы, сондай-ақ келісім шарт бойынша әскери қызметшіліермен офицерлер қатысты.

Кездесуде «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда 2022-2024 жылдарға арналған құқық бұзушылық профилактикасының Бағдарламасының» орындалуын қорытындылады.

Сонымен бірге әскери прокуратураның басты ұстанымы армиядағы заңдылықтың үстемдігін қадағалай отырып, әскерилермен олардың отбасы мүшелерінің Конституциялық құқықтарын бостандықтарын қорғау, бюджеттің ұтымды және мақсатты пайдаланылуын, қару-жарақпен оқ-дәрілердің қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету жолындағы атқарылған ауқымды жұмыстарын атап өтті.

Бұдан әрі әскери прокурор қадағалаудағы органдармен қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алумен ескерту бойынша тұрақты негізде бірлескен жұмыс жүргізіп, олардың назарын гарнизондағы жағдайдың жағымсызда, оң да өзгерістеріне әсер ететін себептерді анықтауға, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларында тиісті іс-шаралар өткізуге шақырды.

Жиналыс соңында заңның үстемдігін орнатуға әскери құқықтың дамуына, әскердегі заңдылықпен құқықтық тәртіпті нығайту жолында үлес қосқан әскери қызметшілерді алғыс хатпен марапаттады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button