Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялар

Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

Ауыл шаруашылығы саласында инвестициялар тарту агроөнеркәсіптік кешенін дамыту тұжырымдамасында көзделген басты міндеттердің бірі болып табылады.

2024 жылы облыстың ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға инвестициялар 15,5 млрд.теңгені құрады.

Есепті жылы инвестиция көлемі 1,9 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба іске асырылды, оның ішінде мал шаруашылығы саласында  12 жоба, өсімдік шаруашылығы бойынша 2 жоба, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 4 жоба, балық шаруашылығын дамыту бойынша 2 жоба.

2025-2027 жылдарға облыста инвестиция көлемі                    55,9 млрд.теңгені құрайтын 49 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Оның ішінде 2025 жылы 17,6 млрд.теңге сомасына                             16 жобаны, 2026 жылы 13,2 млрд.теңге сомасына                    20 жобаны, 2027 жылы 25,0 млрд. теңге сомасына 13 жобаны іске асыру жоспарлануда.

2025 жылғы жобалар пулына: құс шаруашылығы,              сүт-тауарлы фермаларын кеңейту және салу, суармалы жерлерді игеру, бордақылау алаңдарын құру жөніндегі жобалар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі жобалар қамтылды.

Ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыру үшін жеңілдетілген несие беру түрінде мемлекеттік қолдау көзделген. 2025 жылға осы мақсаттарға барлығы 14,0 млрд. теңге бөлінді.

Ағымдағы жылы іске асырылып жатқан ірі жобалардың бірі инвестиция көлемі 4,6 млрд.теңге және қуаттылығы жылына 9,6 мың тонна сүт өндіретін,  800 ірі қара мал басына арналған Мәртөк ауданындағы «АЙС» ЖШС сүт-тауарлы фермасын кеңейту жобасын іске асыру болып табылады. Аталған жобаны іске асыру нәтижесінде сүт-тауарлы фермасының жалпы қуаттылығы жылына 23 мың тонна сүт өндіруге жетеді.

Сондай-ақ, 2025 жылы жеке инвестициялар есебінен инвестиция көлемі 4,0 млрд.теңгеден асатын «Kazfeltec» ЖШС жүнді қайта өңдеу жобасы іске асырылуда. Іске асырылатын жоба жыл сайын 2 000 тоннадан астам шикізатты қайта өңдеуді және тоқыма емес материалдардың кең ассортиментін шығаруды көздейді.

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button