Тарих

Жазықсыз қудаланған тұлғалар

Архив

Облыстық мемлекеттік архивте саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Жазықсыз қудаланған тұлғалар» атты танымдық сағат өткізілді.

Іс-шараға облыстық мемлекеттік архивтің қызметкерлері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушылары, студенттері қатысты.

Облыстық мемлекеттік архивтің директоры Марат Төлебай қорда сақталған саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты құнды деректерге шолу жасап, Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілгендігін, жазықсыз жазаланғандардың арасында көптеген ұлт зиялылары мен қайраткерлері болғандығын айтты.

Іс-шара барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Ү.Сәрсембин «1928-1930 жылдардағы байлар мен діни тұлғаларғақарсы жүргізілген саясат» туралы және аталған университеттің аға оқытушысы,тарих ғылымдарының кандидаты А.Еспенбетова «ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы Ақтөбе өңіріндегі ауыл шаруашылығын кеңестендіру және қуғын-сүргін» тақырыптарында баяндама оқыды.

Сонымен қатар облыстық мемлекеттік архивтің «Құжаттарды пайдалану және жариялау» бөлімінің басшысы Ж.Әжіғалиева архивтік құжаттар негізінде жасақталған «Ғасырлар үндестігі»атты фото көрмені таныстырып, облыстық архивте жүргізілген саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі зерттеу, зерделеу жұмыстарының нәтижесіне тоқталып, атқарылған іс-шаралар барысын слайдпен көрсетті.

Іс-шараны облыстық мемлекеттік архивтің директоры Марат Төлебайұлы қорытындылап, оқытушылар мен студенттерге шығармашылық табыс тілеп, алғысын білдірді.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button