Юсуп— күміс жүлдегер
Күрес
Венгрия астанасында күрес түрлері бойыншаХХХІІІ жазғы Олимпиада алдындағы соңғы рейтингтік турнир өтті.
Балуандар бұл жарыста ертеңгі күні Парижде жеребе тарту тәртібіне әсер ететін рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік алды. Сондықтан турнирге басқалармен бірге Олимпиада жолдамасын алған балуандарымыз да барды.
Оның ішінде еркін күрестен жерлесіміз Юсуп Батырмырзаев (125 кг) жартылай финалда үш дүркін әлем чемпионы, Рио-де-Жанейро және Токио Олимпиадаларының жүлдегері, грузиялық Гено Петриашвилиді жеңіп, ақтық сынға шыққан еді. Өкінішке қарай, финалда америкалық Мэйсон Марк Пэрристен жеңіліп қалды.
Осылайша ЮсупВенгриядан күміс жүлдемен оралды. Демек, Олимпиада алдында жанкүйерлердің оны бабында деп есептеуіне болады.
Жалпы, бұл турнирде қазақстандық балуандар 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль иеленді. Оның ішінде еркін күрестен Әлішер Ерғали (97 кг) мен әйелдер арасында Жәмила Бақбергенова (76 кг) алтын жүлдеге қол жеткізді.
А.САРЫБАЙ.