Су тасқыны

«Болат Өтемұратов қоры» арқылы Мәртөк ауданында екі үй сатып алынды

Биыл Мәртөк ауданында үш ауыл табиғи апаттан зардап шегіп, салдарынан 69 аулаға су кірді.

Соның ішінде Саржансай ауылындағы бір үй және Сарыжар ауылында су басқан үш үй техникалық тексеру нәтижесінде «апаттық жағдайда» деп танылды.

Бүгінде Сарыжар ауылының тұрғыны – Ысқақова Гүлжайна Жолдасқызы мен Саржансай ауылының тұрғыны – Есерова Күлаш Өтедановнаның отбасыларына «Болат Өтемұратов қоры» арқылы үй сатып алынды. Қалған екі отбасы жаңа үйге көшу үшін құжаттарын дайындап жатыр.

Сонымен қоса, аудандағы 45 отбасы 100 АЕК әлеуметтік төлем алды. Демеушілер есебінен де су тасқынынан жапа шеккен мәртөктіктерге тұрақты көмек көрсетілуде.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button