Басты жаңалықтарМереке

Облыс әкімі өңір тұрғындарын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Ақтөбе өңірінде 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтуде. 

Облыс орталығындағы Тутұғыр алаңында ұйымдастырылған Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров және облыстың зиялы қауым өкілдері, ҚР Қарулы күштері, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестігінің өкілдері қатысты. 

Шара шымылдығын Қазақ камералық хоры әртістері Мемлекеттік гимнімен ашты. Бұл сәтте Ту Тутұғырға көтерілді. 

Кейін облыс әкімі ақтөбеліктерді мерекемен құттықтады. Көктемгі су тасқынында көк Тудың астына біріккен тұрғындарға алғысын айтты. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – күллі халқымызға қастерлі нышандар. Біз үшін тәуелсіздік – ең қымбат құндылық, ал туымыздың асқақ желбірегені – аса биік мәртебе» – деген болатын.  Өңірімізде орын алған су тасқыны кезеңінде бір тудың астына бірігіп, татулығымыз бен бірлігімізді танытып, апатты еңсеруге бар күшімізді сала білдік. Осы сәтте өңіріміздің көркеюіне атсалысқан барша ақтөбеліктерге шынайы ризашылығымды білдіремін», – деп атап өтті Асхат Шахаров. 

Шара барысында мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілді. Артынша шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button