Басты жаңалықтарМереке

Өңір басшысы Асхат Шахаров та балаларды мерекемен құттықтады

Ата-аналарға ризашылығын білдіріп, еліміздегі өскелең ұрпақтың әлеуетін ашуға, дамытуға бағытталған шараларға тоқталды, балаларды қорғау және оларға қамқорлық көрсету үшін бірқатар ауқымды жұмыстар қолға алынғанын атап өтті.

«Ең бірінші ата-аналарға алғыс айтқым келеді. Бала тәрбиелеу оңай емес. Олар баласының ер жетіп, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Ал мемлекеттің басты мақсаты – ел тұтқасын, тізгінін ұстайтын білімді, отаншыл, патриот тәрбиелеу болып табылады. Ол үшін Мемлекет басшысы да түрлі бағдарламалар мен шараларды ұйымдастыруының арқасында біздің балаларымыз бәсекеге қабілетті, заманға бейім, барлық жағынан білімді болып өсіп келеді. Жергілікті билік те одан қалыс қалып жатқан жоқ. Біз балаларымыздан көп үміт күтеміз. Олардан болашақта мықты дәрігерлер, педагогтар, инженерлер, құрылысшылар, жазушылар, атақты суретшілер, спортшылар, ұшқыштар шығады деп сенеміз», – деген облыс әкімі сахна төрінде оқу озаттары мен дарынды балаларды Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Марапатталғандардың қатарында республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 34 медальге ие болған Ақтөбе облысының құрама командасы, республикалық олимпиаданың күміс және қола жүлдегерлері және т.б. бар.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған шаралар бүгін күні бойы жалғасады. Шара барысында спорттық тартыстар, велосипедпен жарыстар, робототехникалар көрмесі өтеді. Сондай-ақ, қаладағы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйі, «Алақай» қуыршақ театры және А.Жұбанов атындағы Ақтөбе муызкалық колледжі, №1 Балалар музыка мектебі мен «Media Pro» орталығының өнерпаздары кішкентай көрермендерге мерекелік тарту жасайды.

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button